Ана махаббаты

Ана махаббаты

Ал сіз анамды жек көрем дейсіз? Ана махаббаты қашан да өзінен биік тұрған. Оның тағы бір көрінісі төменде.

* * * *

Жапониядағы жер сілкінісінен кейін, құтқарушылар жас келіншектің қиранды үйіне беттеп, үйінділер арасынан денесін көреді. Қараса, әлгі келіншектің дене күйі жат қылықта екен - дұға тілеген адамдай жерге тізерлеп, денесі алға еңкейіп, қолдары бір нәрсені ұстап алған. Құлаған үй бөліктерінен арқасы мен басы зақымданыпты.

Құтқарушылар жағының көшбасшысы әзер дегенде үлкен қиындықпен болса да, әйел денесіне тар қуыс арқылы қолын жеткізді. Бар ойы, әлі тірі шығар деп үміттенгені. Дегенмен, әйелдің суық денесі оның өлгендегінен хабар беріп жатқан болатын. Сосын, әлгі адам ұжымына қайта барып қосылып, келесі қираған үйлерді зерттеуге кетпекке айналды. Бірақ, белгісіз бір күш топ көшбасшысын көз жұмған келіншектің үйіне тартты да тұрды. Болмаған соң, қайтара қолдарын тар қабырғалардың арасынан өткізіп, әйел денесінің төңірегінде тағы бір зерттеу жүргізіп көруге бел байлады. Кенет ол жан дауысы шыға, толқығаннан айқайлап жіберді: "Бала! Мұнда бала жатыр!"

Бүкіл топ адамдары болып әйел төңірегіндегі үйінділерді мұқият жинады. Оның ішінде көрпеге оралған 3 айлық нәресте жатты. Сөзсіз, ұлын құтқару жолында әйел өз өмірін құрбандыққа шалыпты. Үй ортаға түскенде, жалма-жан ұлын денесімен жауып қалғаны көрініп тұрды. Топ басшысы кішкентай нәрестені қолына алғанда, ол әлі тыныш ұйқыда жатыр еді. Баланы қарауға дәрігерлер келді. Сол арада топ басшысы көрпені сәл ғана дұрыстап қоймақ болып, көрпені аша бергенде телефонды көрді. Телефон бетінде хабарлама тұрды: "Егер сен тірі қалсаң, есіңде болсын, мен сені сүйемін". 

Хабарламаны оқыған әрбір жан көздеріне жас алған болатын. "Егер сен тірі қалсаң, есіңде болсын, мен сені сүйемін". 

Ана махаббаты осындай!


сурет:zabort.ru; xn--ehq5on3ige261aurd240fkr5b.xn--fiqs8s 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига