Креативті орындық

Креативті орындық

Дизайнер Петр Бристоль ерте жастан үй жиһаздарына деген ерекше ықыласын жасырып көрген емес. Жақында бір ғана аяғы бүтін "Cut Chair" орындығын жасап шығарды.

Аталған отырғыш сыртқы түріне қарамастан, мығым келеді және ересек адамды да көтеріп тұра алады. Бар жұмбақ – төсеніш астында. Себебі, төсеніш астында орындықты ұстап тұрған құрыш платформа орналасқан. Ал өз кезегінде әлгі платформаның арқасында оптикалық илиюзия түзіліп, қолданушыға ерекше көңіл-күй сыйлайды. 

Айтпақшы, орындықтың осы түрін 4 мың долларға сатып ала алады екенсіз. 

 

сурет:peterbristol.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига