Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... V бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... V бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... V бөлім

Осыған дейін Массагет оқырмандарына жар таңдау, қыз ұзату, үйлену, келін түсіру,ақ босаға аттап, келін атану әдет-ғұрыптары, жүктілік кезеңдері туралы баяндаған болсақ, бүгінгі жазбамызды көптен күткен ұлы той - сәбидің дүниеге келуі, ат қою, шілдехана рәсімдеріне арнағалы отырмыз.

Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының емес, бүкіл ағайын-туыстың, ел-жұрттың қуанышы болып есептеледі. Қуанышты хабар орын алысымен, "шілдехана", "шілде күзет", "шілдехана күзет" деген дәстүрлері өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән салып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Негізінде Қазақстанның көп жерлерінде бұлардың барлығын келіншектің "бойы бекігесін" жасайды. Бізге кеңінен танымал "шілдехана" дәстүрі Жетісу жерінде "шілде күзету" деп аталады. Әдетте шілдеханаға ауылдың үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету - халық сенімі бойынша, тек жастардың міндеті. Ерте заманда бесіктегі нәрестені Ұмай анаға жүктелген. Оның сілемі қазақтарда соңғы уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Шырақ жағып күзету - соның бір түрі. Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп қалады деген сенім болған.

Немерелі болған ақ жаулықты әжелер сүйінші сұрату үшін жан-жаққа жас балаларды, қыз-келіншектерді жібереді. Сүйінші сұраушылар "Кім туды?! деген сұраққа ұл болса "тізгін ұстар", "күш шашар", "ноқта жетектер", қыз болса "қырық жеті" деген секілді тұспалдармен жауап берген. Сүйіншіге мал аталып, кейбіреулер ақшалай-затай мүлік беріп, қолын бос қайтармауға тырысады. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер қауымы нәрестені көрсет деушілерден көрімдік алады.

Босанған жас ананың әл-қуат жиып, белі бекіп кетуі үшін оған арнайы мал сойылып, қалжа беріледі. Жас сорпа ішкізіп, жас ет жегізу мақсатымен сойылған малдың семіз, күйлі болуы шарт. Бұл дәстүрдің сақталмауы еш кешірімсіз жағдай деп бағаланады. Шілдеханаға сойылған малдың мойын омыртқасын босанған жас әйелге береді. Ол мойын омыртқаны опырмай, етін қолымен ғана үзіп жеп, төрге іліп қояды. Ел ішінде жас баланың мойнының тез қатып кетуі осы омыртқамен байланысты деген сенім бар.


Келіншек ана атанған соң, оған деген көзқарас өзгере бастайды. "Енді сен балалықтан қол үздің, ана болдың" деп ата-енесі келінді сәлем беруден босатып, босағаға отырмауға рұқсат етеді. Бағзы замандарда қызыл моншақпен кестеленіп зерленген кимешек пен шылаушынды босанған әйелдер ғана киетін болған деседі.

Сонымен қатар, қазақ халқында бала дүниеге келгенде бір құлын атап "бәсіре беру", "бәсіре атау" салты бар. Халықтық түсінік бойынша, баланың тағдыры аман-есен жер басып жүруі  осы бәсіремен тығыз байланысты болғандықтан, оны мінбейді, соймайды және өзге біреуге сатпайды.

Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Әдетте, ат қою мәртебесіне ауылдың өнегелі қариясы ие болған. Сонымен қатар, үлкен қуаныштың үстіне дөп түскен "құтты аяқ" құдайы қонақтарға да ат қойғызатын дәстүр бар.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, нәрестеге үш күннен қалдырмай есім тағайындалады. Молда азан шақырып, нәрестенің құлағына аузын таяп, сәбиге таңдалған атты үш рет сыбырлап айтады. Күнделікті тұрмыста жиі айтылатын "азан шақырып ат қою, азан шақырып қойға аты" тіркестері осыдан қалған. Ат қойған адамға міндетті түрде арнайы сыйлық тағайындалуы керек.

Осы тұста "ат қойып, айдар тағу" деген тіркестің де мағынасын түсіндіріп өтуді жөн көріп отырмыз. Айдар - жылқының құйрық-жалына алтынданған зер қосып, жіңішке етіп өрілген бау. Оны жоғарыда аталған салтанатты күні басқа жұрттан ата-тегін айырып, айқындап көрсету үшін жігіттің кежегесіне тағады. Ал кежеге дегеніміз - түрік бабаларымыздың желкесіне түсірген жауан бір өрім шашы. Осыған орай тілімізде "кежегесі кері кету", "кежегесі кейін тарту" секілді сөз оралымдары қолданылады.

Ат қоюда назарға алынатын бірнеше жағдайды атап көрсетейік: қазақтар ықылым замандардан бері ұлы жоқ үйде қыз туылатын болса, онда "Ұлбосын", "Ұлтуған", "Ұлбике", "Ұлжан" деген есімдерді,  қыз болуын қалаған үйлер "Жаңыл", "Болат" деген есімдерді таңдаған. Ал мерзімінен бұрын шала туған сәбилерге "аман-есен болсын" деген ниетпен "Шалабек", "Шалабай", "Лекер" деп, ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай "Анар", "Анарбек", "Қалдыбай", "Қалдыкүл", "Меңтай", "Меңдігүл" т.б. деп қояды. "Қанкелді", "Қандыбай" деген есімдер қолына қан ұстап туған ерекше бөбектерге қойылған. 

Кейбір ата-аналар  бала-шағаларының "өмірі ұзақ болсын, көп жасасын" деген ниетпен Ұзақ, Жанұзақ, Мыңжасар, Сексенбай, Тоқсанбай деп те атап жатады. Жаманбай, Итжемес, Боқбасар, Қошқарбай деген есімдер баламыз тіл-көзден аман болсын деген үмітпен таңдалады.

Бүгінде елдің елеулі, халықтың қалаулы азаматтарының есімін есте қалдыру үшін немесе дәл солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген сеніммен Ахметтер, Мағжандар, Әлихандар, Абылайхандар, Розалар, Мақпалдар, Нұрсұлтандар дүниеге келіп жатыр.

Іңгәлаған сәбилердің саны көбейе берсін! Еліміздің ертеңі болар балаларымыз аман болсын!

Жалғасы бар...

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

4-бөлім

Суреттер:vk.com

Дайындаған:Айгерім Сматуллаева

15281 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 сәуір 2013, 12:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...