Жерден тыс тіршілік: өзге ғаламшарлықтар бар ма?

Жерден тыс тіршілік: өзге ғаламшарлықтар бар ма?

Адамзат ежелден бері өзінен басқа саналы тіршілік иелерінің бар екендігіне сенген. Және соған дәлелдер табуға тырысып келеді. "Ұшатын тәрелкелердің" сипаттамасы ежелгі үнді жазбаларында көптеп кездеседі. Ал қазір ол туралы айтпасақ та болады. Себебі теледидарды қоссаң, ғаламторға кірсең, әңгіменің барлығы осы өзге ғаламшарлықтар туралы. 

Сталиннің өзге ғаламшарлықтары 

Осыдан екі жыл бұрын Пентагон белгісіз ұшатын нысандар бейнеленген бейнероликтерді жариялағанда, өзге ғаламшарлықтар тақырыбы қайта жанданды. Кейбір АҚШ барлау қызметкерлері үкімет олар туралы шындықты жұртшылықтан құпия ұстайды деп санайды. Сонымен, белгісіз ұшатын нысандар туралы ғылым не дейді?

Өзге ғаламшарлықтар кемесі деп жарияланған алғашқы фотосурет

Бұл кеменің суреттерін жариялаған бірінші адам Швейцария азаматы Билли Мейер болды.

Ол 1970 жылдары өзге ғаламшарлықтармен байланыста болғанын айтқан. Билли оларды алғаш рет 5 жасында көрген екен.

Өзге ғаламшарлықтар тәжірибесі: Аргентинадағы сиырлар өлімі

1976 жылы Билли Мейер көрсеткен фотосуреттер АҚШ Әскери-әуе күштерінің бұрынғы ұшқышы Уэнделл Стивенстің 1979 жылғы кітабында, кейінірек АҚШ-тың The X-Files ғылыми-фантастикалық бағдарламасының жарнамасында пайда болды.

Суреттер бұлыңғыр, оның бетінде қалқымалы пішінді металл дақ бейнеленген. Сондықтан уфологтар бұл суреттерге күмәнмен қарайды. Әзірге фотосуреттердің шынайы немесе жалған екендігі туралы нақты қорытынды жасалған жоқ.

Билли Мейердің суреті

Белгісіз аспан денелері

Ғалам шексіз, ондағы жұлдыздар мен планеталардың саны да шексіз. Олардың кейбіреулері телескоппен анықталып, адамзаттың белгісіз нысандарды азерттеуге деген қызығушылығын оятады. 2017 жылдың 19 қазанында канадалық астрофизик Роберт Верик Гавайидегі Халеакала обсерваториясында телескоп арқылы Жерден 33 миллион шақырым қашықтықтағы нысанның өткенін анықтады. Ол "Оумуамуа" деп аталады.

Оумуамуа кометасы

Оумуамуа ұзындығы шамамен 100-1000 метр және ені 35-167 метр аспан денесі. 2019 жылдың шілдесінде астрономдар Оумуамуа табиғи нысан болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Кейбіреулер оны бейтаныс технологияның өнімі деп санайды. Бірақ екінші ойды дәлелдейтін жеткілікті деректер табылмады. 2021 жылдың наурызында "Оумуамуа" Плутонға ұқсас Күн жүйесінен тыс планета болуы мүмкін" деген болжам жасалды.

Оумуамуаға ұқсас тағы бір белгісіз нысан 2019 жылдың 30 тамызында табылды. Мұны орыс астрономы Геннадий Владимирович Борисов ашқан және оған "2I/Борисова" деген ат берілген.

2I / Борисова нысаны

Пентагон белгісіз ұшатын объектілерді көрсететін видеоға түсініктеме берді

Белгісіз ұшатын нысандарға қатысты күдіктерді қайта тудырған оқиғалардың бірі 2020 жылдың сәуір айында Пентагон веб-сайтында жарияланған БҰН (белгісіз ұшатын нысан) бейнелері бар 3 бейне болды. Бейнежазбалар 2004 және 2015 жылдары түсірілген және олардың шынайылығын АҚШ Әскери-теңіз күштері растаған. АҚШ үкіметінің көптен күткен мәлімдемесі 2021 жылдың маусымында жарияланды.

Олардың айтуынша, видеода бейнеленген заттардың нақты не екені белгісіз. Мәлімдемеде белгісіз нысанның құс, ұшқышсыз ұшақ, АҚШ үкіметінің немесе жеке ұйымның жаңа әзірлемелері, мұздың бір бөлігі сияқты атмосфералық оқиға немесе шетелдік бәсекелестер қолданатын технология сияқты қарапайым ұшатын нысан болуы мүмкін екендігі айтылған.

Пентагон сайтында белгісіз ұшатын нысандар жарияланды

Оқиғадан кейін Пентагон 2021 жылдың тамызында БҰН-дарды зерттеу үшін белгісіз әуе құбылыстары жөніндегі жұмыс тобын құрды. Есепке сәйкес, кейінгі 20 жылда Пентагон жариялаған видеоға ұқсас 144 зерттелмеген оқиға орын алған.

АҚШ ұшқыштары өзге ғаламшарлықтарды көрген (видео)

Уфологтардың пайымдауынша, Америка Құрама Штаттары өзге ғаламшарлықтар туралы дәлелдерді құпия ұстайды. Сондықтан да Америка қоғамы бірнеше жылдан бері үкіметтен шындықты талап етіп, түрлі мәлімдемелер жасап келеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің өзге ғаламшарлықтарға қатынасы

Белгісіз ұшатын нысандар туралы пікірлер АҚШ-тағы сайлау науқанын да айналып өтпеді. Мысалы, Хиллари Клинтонның сайлауалды науқанының менеджері Джон Подеста жағдайды пайдаланып, америкалықтардың бұл тақырыпқа қызығушылық танытқанын жақсы білген. Ол сайлаушыларға егер Клинтон сайланса, үкімет шетелдіктер туралы құпия есептерді жариялайды деп уәде берді.

Массачусетс штатында суретке түскен белгісіз нысандар. 1952

Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарын басқарған кезде өзге ғаламшарлықтар туралы білгендерін тіпті отбасына да айтпайтынын мәлімдеді.

"Мен өзге ғаламшарлықтарр туралы білетінімді айтпаймын, бірақ олар өте қызықты", - деді Трамп.

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама журналистерге үкіметте белгісіз ұшатын объектілерді немесе ғарыш аппараттарын зерттейтін зертхана жоқ екенін айтты. Бірақ бұл мәселеге қатысты өзінің жеке көзқарасын жасырмады.

"Аспанда кейбір заттар мен іздер бар екені рас, бірақ олардың қалай қозғалғанын, траекториясын түсіндіре алмаймыз. Бірақ адамдар әлі де көбірек білуге ​​тырысуда", - деді ол.

Кейбір АҚШ барлау қызметкерлері анықталмаған ұшатын нысандар туралы ақпаратты жұртшылыққа жария етуді артық деп санайды.

Өзге ғаламшарлықтарды іздейтін елдер

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Гарри Рид әлемде бұл тақырыпты зерттеп жатқан тағы бірнеше ел бар дейді.

"Қытай мен Ресейде анықталмаған ұшатын нысандар бойынша зерттеулер бар. Сондықтан біз де осы тақырыпты зерттеп жатқанымыз жақсы", - деді ол 2019 жылғы Nevada Newsmakers басылымына берген сұхбатында.

Жергілікті газетке берген сұхбатында Израиль ғарыш агенттігінің бұрынғы басшысы Хаим Эшед Трамптың Жер мен өзге ғаламшарлықтар арасында келісім бар екенін айтудың алдында тұрғанын, бірақ "көтерілістен" қауіптеніп, өз ойын өзгерткенін айтты.

NASA өзге ғаламшарлықтар туралы не дейді?

NASA-ның басты мақсаттарының бірі – ғарышта тіршіліктің бар белгілерін іздеу. Әзірге NASA ғаламшарымыздан тыс жерде тіршілік бар екендігі туралы нақты дәлелдер тапқан жоқ. Дегенмен, ұйым "әлемде жалғыз емес екенімізді дәлелдеу және негізгі сұрақтарға жауап табу үшін" Күн жүйесін зерттеп келеді. Агенттіктің астробиология бағдарламасы Жерден тыс тіршіліктің пайда болуы мен дамуын зерттейді.

Агенттік үнемі өзге ғаламшарлықтарды іздемейді. Дегенмен, ол өзінің спутниктері арқылы дүние жүзіндегі басқа ғарыш агенттіктерімен бірлесе отырып, Жер атмосферасы туралы жан-жақты ақпаратты жинайды. 

"Жерден тыс жерде тіршілік болуы мүмкін. Ғылым үнемі жаңа нәрсе табу үшін дамып келеді. Дегенмен, біз ғаламшарымыздан тыс жерде тіршілік бар екенін әлі анықтаған жоқпыз. Бірақ оны іздеуді жалғастырамыз. " - деді агенттік.

"Area 51" құпия әскери базасының сыры

АҚШ-тың Невада штатында аты аңызға айналған "Зона 51" әскери-әуе базасы фантастикалық киноларда, компьютер ойындарында бірнеше рет көрсетілді. Бұл нысан туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер таралған: "өзге ғаламшарлықтардың технологиясын зерттейтін жер, мұқым адамзатты жоқ қылып жіберетін қауіпті вирустардың отаны, генетикалық тәжірибелер ордасы" т.б.

1980 жылы физик Боб Лазар бұл аймақта жат планеталықтардың техникасы зерттеледі деп мәлімдеген. Осындай сөздердің таралуынан Пентагон кейбір құпия мәліметтерді жариялауға мәжбүр болған.

51-аймақтың ғарыштан түсірілген суреті

Ресми мәліметтерге қарағанда,  "Зона 51"-де жаңадан жасалған әуе технологиясы мен қару-жарақ сынақтан өткізіледі. Бұл жерде "Lockheed U2", "A-1"2 және "SR-7"1 сынды барлау ұшақтары мен әлемге әйгілі көрінбейтін "F-117 Nighthawk" сынаудан өтетіні мәлім етілген. Кейбір мәліметтерге қарағанда қазіргі уақытта бұл жерде "SR-91 Aurora" деп аталатын гипердауысты өте құпия көрінбейтін барлау ұшағы үстінде зерттеулер жүріп жатқанға ұқсайды. Бұл ұшақ сағатына 20 мың шақырымды басып өте алатын әлемдегі жалғыз ұшу аппараты екен. Бірақ бұл хабарды Пентагон ресми түрде растаған жоқ.

Т. Раушанұлы