Құрбым сырымды жұртқа жайды

Құрбым сырымды жұртқа жайды
Фото: Абай Татубаев

Құрбым былтыр ренжісіп қалған құрбысымен қайта татуласып, бұл жалғанда менің бар екенімді ұмытты. Асханаға да, кітапханаға да сол қызбен баратын болды. Бүгін, тіпті, сыныптастарым мен сол қыздың көзінше менің құпиямды жұртқа жайып салды. Яғни мен ұнататын жігіттің атын дауыстап айтты. Мен қатты ашуландым. Бірақ жағдайды ушықтырмас үшін үнсіз қалдым. Бұрында ол мені ренжіткен кезде кешірім сұрайтын, бұл жолы олай жасамады. Себебі енді оның мені жоқтатпайтын құрбысы бар. Құрбысыз қалғаныммен қоймай, бар сырым ашылды. Енді не істеймін? Құрбыммен түк болмағандай сөйлесе берейін бе? Әлде одан мүлдем бас тартқаным дұрыс па?

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com.

Қ. Бүйенбай