Сабақ оқығым келмейді...

Сабақ оқығым келмейді...
Фото: Любовь Харламова

Сәлеметсіздер ме, Массагет оқырмандары! Биыл 11 сыныпқа көштім. 11 сынып деген кезде бірінші ҰБТ еске түседі. Дайындық та басталды. Қатты шаршап, ешнәрсеге зауқым болмай жүр. Математика есептерін шығара алмаймын. Көп тақырыпты ұмытып қалыппын. Биология пәнін таңдадым. Жазғы демалысымда да пайдалы ешнәрсе жасамадым. Бұрын сабақты өте жақсы оқитынмын. Мұғалімдер көп мақтайтын. Қазір не болғанын білмеймін. Мүмкін 9 сыныптан кейін колледжге кетуім керек пе еді? Осы туралы ойласам, қатты өкінемін. Жақында басқа мектепке өтуді жоспарлап, ол жерге қабылданбай қалдым. Тестіден жоғары нәтиже көрсете алмадым. Ал оқып жүрген мектебім мүлдем ұнамайды. Оқушы өзі ұнатпайтын мектепте қалай оқысын? Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Келесі жылы міндетті түрде грантқа түсуім керек. Жалқаулықтан қалай арылсам болады?

Автор: Құпия қыз

Редакциядан: Құрметті қыз-келіншектер! Біреудің қателігі - біреуге сабақ. Біреудің сәттілігі - біреуге бағдаршам! Өз өміріңізді жазбаға түсіріп, бізге хат ретінде жолдаңыз. Күрмеуі қиын тағдыр жолында сырыңызбен бөлісетін сенімді құрбыңыз – Массагет деп біліңіз. Өйткені біз кез келген құпияны автордың аты-жөнісіз жариялаймыз! Поштамыз: massagetkz@gmail.com.

Қ. Бүйенбай