Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Айрылысудың ең жақсы жолы...

Айрылысудың ең жақсы жолы...

Айрылысудың ең жақсы жолы...

Өмір болғасын, қосылумен бірге, ажырасу да бар емес пе, осы себепті қыздарымыз болсын, жігіттеріміз болсын, махаббаттың мастығын тарқата алмай, ғашығын көпке дейін есінен шығара алмайды.

Біз бұған дейін де сүйіктіңізбен айрылысқан соң, не істеу керектігін айтып, кеңес берген болатынбыз. Ендігіде оңай айрылысу түрлерін ұсынбақпыз.

Естеліктерден құтылғаныңыз жөн, жаңа өмірді ойлаңыз

Өткенге оралудың ешқандай да пайдасы жоқ екенін біліңіз. Өткенге оралу, өкіну, кейін өз әрекетіңіздің дұрыс болмағанын мойындау... Әрмен қарай осындай ойлармен жеке басыңызға нұқсан келтіруіңіз бек мүмкін. Егер бір рет кетіп қалып, кейін қайта келсеңіз, онда әдеткі дәстүрмен қайта кетуіңіз де мүмкін. Сабақ алғаныңызды біліп қана қойсаңыз жеткілікті.

Қазіргі жағдайыңыз туралы ойлағаныңыз жөн. Айырылысқан адамсыз өтіп жатқан өміріңіздің пайдалы тұстарын тізбектеңіз. Есті адам болсаңыз, одан бекер кетпегеніңіз белгілі. Болашаққа жоспар құрыңыз, айырылысқан адамды онда қоспау керек.

Ренішті жоғалтыңыз

Кейбір кеңес берушілер өткен өміріңіздегі жаман сәттерді еске алуыңыз керек дегенді айтады. Оның сізге деген құрметсіздігі, сыйламауы, қадіріңізді білмеуі жайлы бір сыпыра ойлап алу керек. Бірақ осы естеліктер оған деген ренішіңіз бен өкінішіңізді оятуы ықтимал. Тіпті қимай жүрсеңіз де «мен сені босатамын және кешіремін» деп қайталай беру керек дейді психолог мамандар. Бұл әдіс бірден көмектеспеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе сол айтылған сөз іске айналуы керек.

Өзге іспен айналысып, өзге ойлармен өмір сүріңіз. Уды у қайтарады десек, өзге бір адам тауып алмасаңыз да көңіліңізден шығатын адаммен жақын дос болуға әрекет етіңіз. Бірақ жаңа досыңыздың іс-қимылын Онымен байланыстырушы болмаңыз.

Көңіл қалаған іспен айналысу

Барлық жағдайда өзінің ұтымды тұстары болады. Айрылысқан соң сіз ешкімге ештеңе қарыздар емессіз, өз басыңыз өзіңізде. Жоспар құрыңыз: саяхаттау, жаңа хоббимен айналысу, көлік айдау курсынан өту, қызықты кештер. Онымен бірге болған кезде немен айналысуға уақыт таппайтын едіңіз? Міне, сол істерді алдағы күннің еншісіне жоспарлаңыз да, алға қадам басыңыз. Рахаттану мен қуану ең жақсы ем.

Кездесіп қалудан сақтаныңыз

Қарым-қатынас өз өз мәресіне жетсе, оны жалғастыру керек деген заң жоқ. Ешкім оны талап ете де алмайды. Оның әлеуметтік желілерде қандай әрекеттер жасағанын оқып, іздеудің қажеті шамалы. Бір ғажайып болып, екеуіңіз романтикалық фильмдегідей кездесіп, қайта қауышу туралы ойдан аулақ болғаныңыз дұрыс. Ғалымдардың айтуы бойынша, адам айрылысқан соң сүйіктісін төрт есе (!) жақсы көре бастайды. Оны барынша идеал етудің қажеті жоқ.

Барлық байланыс құралдарын өшіріңіз

Оның телефон номерін, әлеуметтік желілердегі никтерін, СМС хаттарын, тіпті электронды поштаңызды өшіріп, тазалап алу да пайдасыз емес. Алға қарай қадам басудан қорықпау керек, себебі сіз тезірек бақытты болуыңыз керек! Өз адамыңыз сізді күтіп жүр!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: domashniy.ru

13364 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 16 сәуір 2013, 17:33
Пікірлер
+0
16 сәуір 2013, 17:44

дұрыс ақыл екен маған )

+0
16 сәуір 2013, 19:56

Қыздарға мынау не прокатит))))) Бастан өткен))) Қыздарға шопинг, мини махаббаттар, сұлулық салондары, саяхат жақсыыыыы көмектеседі)))))
Естеліктерді өшіру тіпті анриал!
Жалпы , қыз балаларға надо пострадать, страдальческое лицо делать, ты че, я же его так любила, аж целый год (екі ,үш, бес, он)! Сосын жертва сезініп, өзіңді аяп, қой, барып он бес мыңға стрижка жасатып, нафиг керек емес парафинотерапия жасатып аласың себеппен)))))

+0
21 сәуір 2013, 20:17

Бәрібір ұмытқым келмейді......... Оны ұмытсам кінәлі болатын сияқтымын.... Самайыма ақ түссе де оны ойлап отыратын шығармын мына түріммен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев