Отырып сөйлесейік...

Отырып сөйлесейік...

Қаладағы белді компания қызметке қабылдап жатыр деген хабарландыруды естіген адамдар осы жаққа ағыла бастады. Түйіндемелерін тапсырған жастар ұзын-сонар кезекке тұрды. Түрлі сауалнамалар мен тесттерден өтті. Қабылданған қызметкер бірден директордың орынбасары лауазымына ие болады. Соңғы сынақтарда тек үш адам қалды. Оларды директордың өзі қабылдады. Олар кабинетке кірерден бұрын бөлме ішіндегі орындықтардың бәрін сыртқа шығарып тастады.

Директордың кабинетіне үнсіз кірген бірінші адамның іскерлік тәжірибесі мол еді. Директор оған: «Сәлеметсіз бе, отырыңыз» деді. Ішке кірген кісі айналасына қарады да, отыратын орындықтық жоқ екенін көріп, мейірімге толы күлімсіреген жылы шырайлы лезде ғайып болып, ыңғайсыз күйде қалды. Директор қайталай: «Отырыңыз, тартынбаңыз!» деді. Ол ыңғайсыз қалыпын дереу жоғалтты да: «Оқасы жоқ, мен тұра берейін» деді.

Кабинетке екінші болып кірген қағылез кісі кірер-кірместен бастықтың аузын ашқызбай-ақ: «Керегі жоқ, керегі жоқ, мен тік тұра берейін!» деп бәйек болды.

Үшінші кісі кабинетке кірді. Ол университетті жаңа тәмамдаған жас студент еді. Ешқандай тәжірибесі жоқ, табысқа жету салыстырмасы да нөлге тең. Директор басқаларға айтқан сөзін оған да айтты: «Сәлеметсіз бе, отырыңыз, отырып сөйлесейік!» Жас жігіт айналасына қарады да, сәл таңырқап тұрып: «Сәлеметсіз бе, сырттағы орындықты алып кірсем бола ма?» деп сұрады. Директордың жүзіне күлкі үйірілді. Ол бәсең дауыспен: «Әрине болады!» деді.

Соңғы сынақ мәреге жетті. Директор соңғы кірген жас жігіттің өзінің орынбасары қалатындығын айтты. «Оның себебі өте қарапайым, - деді ол – бізге керегі тың ой, соны ақыл. Тәуелсіз ойлау қуаты бар кісі. Бұлар кем болса толағай білімнің де, мол тәжірибенің де құны көк тиын болмақ!» деді.

Тәуелсіз, дара – бұл сөздерді естіген шақта ол сылдыр сөз, бос әңгіме сияқты көрінгенімен, ол өмірді, ішкі рухты бейнелейтін ең керемет сөздер. Алдыңғы екі кісідер елде жоқтың бәрі бар, бірақ, аталған жұмыс үшін ең керекті дүние жоқ. Ең шешуші кезде олардың бойындағы дүниелердің бәрі түкке де керегі жоқ құндылық болып қалуы әбден мүмкін.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lifehacker.jp

M. Auelkhan