Ең соңғы қоштасу

Ең соңғы қоштасу

Миссури штаты, Сент-Луис қаласындағы ірі компанияның қызметкерлері түскі үзілістен қайтып келе жатып, мекеменің есігіндегі хабарландыруды көрді. Хабарландыруда: «Кеше біздің серіктігімізде ұзақ уақыттан бергі сендердің өсулеріңе кедергі болып келген адам өмірден озды. Біз сіздерді дәл қазір спорт сарайындағы қаралы жиынға шақырамыз! Онымен қоштасып қалыңыздар!» деп жазылыпты.

Жұмыстағы біреу қайтыс болған екен деп ойлады олар. Бірақ қайғырған бейне жоқ, «Бізге бөгет болған кім екен?» деген ой ғана болды бастарында. Олар іркес-тіркес спорт сарайына бет алды. Кейбірінің тіпті тағаты таусылып та кетті: «Мейлі, бұл адам кім болса сол болсын, бүгіннен бастап еш адамның өсуіне бөгет бола алмайды!» деп жіберді ол.

Қызметкерлер «Ақтық рет қоштасу» рәсіміне ұзақтан-ұзақ кезекке тұрды. Алайда, олар қаралы жиынның ортасындағы табыттың ішінде ешкімнің жоқ екенін, тек бір үлкен айнаның тұрғанын көрді. Әрбір үңілген адам тек өзінің бет-әлпеттерін көрді. Айнаның қасында бір қағаз жатыр еді, оған: «Тек бір адам ғана сенің дамуыңа тұсау болады, ол өзіңсің!» деп жазылыпты.

Өмірді тек өзің ғана өзгертесің. Өз бақытыңа, арманыңа, табысыңа өзің ғана шешім жасайсың, әрі өзің ғана өзіңе көмектесе аласың. Сенің қожайының, досың, серігің, жұмысың өзгерсе де, сенің тіршілігің өзгермейді. Тек өзіңді өзгертсең ғана өзіңнің айналсоқтаған ойыңнан шығып, тұрмыстың ауыр сәттерін батылдықпен жеңе аласың.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: hi-id.com

M. Auelkhan