Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ажырасу

Ажырасу

Аядай бөлме. Ажырасуға бекіген екі жас жұбай бір-бірінен есеп алып жатты. Көздері қып-қызыл боп ісіп кеткен сұлу келіншек жігітке сұрлана қарап, жаңа ғана жазып қойған тізімін оған ұсынды.

«Кітап сөресін мен алғанмын. Сурет салғыш – мен алғанмын. Аспалы сағат – мен алғанмын, орындық пен үстел – мен алғанмын... Теледидар мен компьютерді де мен алғанмын. Осының барлығын өзіммен бірге алып кетемін».

Жігіт тізімді мұқият оқып шықты да, қолына қаламын алып, сатырлатып жаза бастады:

«Көрпе-жастық – тегін, шкаф – тегін, телефон – тегін, осы үйдегі барлық тұрмыстық бұйымдар – тегін. 200-ден астам ғашықтық хаты – тегін, сені сан рет күтіп, жеткізіп қойғаным – тегін...

Базар аралауды жаным сүймесе де, сенімен бірге көше кезгенім – тегін.

Қасыңда болып, қамқорлық жасағаным, сарылып күткенім де – тегін.

Өзіңе сыйлаған барлық киімдер мен гүлді де кештім.

Сен мұңайсаң, мұңайып, қуансаң, қуанған сәттерім, бәрі-бәрі де ақысыз. Бәрін де көшіріп алып кет!

Мұның бәрі саған деген шынайы махаббатым. Сондықтан ешқайсысына да қарымта тілемеймін!».

Жігіт тізім қағазын қызға берді де, бұрылып киімдерін киюге ыңғайланды. Ұзын-сонар тізімді ыждағатпен оқып шыққан қыз егіле жылады. Сосын басын төмен салып, мұрнын тартып қойды да, жігітке ашулы көзімен қарап:

- Осылармен қоса, сені де көшіріп әкетемін! – деді бұртиып. Оның сүйкімді сұсты бейнесінен әсерленген жігіт қызды қапсыра құшақтады. Өкінген екі жас көз жастарына ерік бере алмады.

- Мені де алып кет!..

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

4108 13
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 03 сәуір 2013, 14:05
Пікірлер
+0
03 сәуір 2013, 15:21

ЖЪляйн ба?

+0
03 сәуір 2013, 15:21

асерли екен.Ен бастысы арты жаксы аякталыпты айтеуир

+0
03 сәуір 2013, 15:27

Ақымақтар-ай :lol: :lol: :lol:

+0
03 сәуір 2013, 15:38

Жлъядым :lol:

+0
03 сәуір 2013, 16:00

осының өзі романтика ғо :lol:

+0
03 сәуір 2013, 16:40

Әсерлііі))) :)

+0
03 сәуір 2013, 17:18

куштиии

+0
03 сәуір 2013, 21:11

мені де алып кет)

+0
04 сәуір 2013, 00:13

Ойға түйер нәрсе көп екен! :P

+0
04 сәуір 2013, 11:40

"Болды, айырылысайық, жек көрем сені, өзіңе қымбат дүниелерді ал да кет, бұдан ке... әәй, мені көтеріп алғаның не, жібер, қайда алып бара жатырсың деймін?" (с)

+0
04 сәуір 2013, 13:26

керемет жазылған

+0
05 сәуір 2013, 11:18

тамаша.. :!:

+0
04 қараша 2014, 17:32

Өмірде бәрі осылай болса ғой , жігіттін ақылдылығы таңқалдырды мені. Қазақ жігіттерінің бәрі осындай болса ешқашан айрылысу болмас еді ғой. Аманаттап алған жарына аялау қасиеті қазақ жігіттерінде қалмай бара жатыр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...