Қыздар сүйіктісіне қаншасыншы айда бояусыз түрін көрсетеді?

Қыздар сүйіктісіне қаншасыншы айда бояусыз түрін көрсетеді?

Кейбір арулар косметикалық заттарсыз бір күн де өмірін елестете алмайтындай болады. Бірақ ерте ме, кеш пе, сүйіктіңіз сіздің бояусыз бейнеңізді көреді ғой?.. "Бетпердеңізді" қашан шешесіз?

Зерттеу нәтижесінде әйелдердің 80%-ы жігітпен жүре бастаған алғашқы айда өз бейнесін бояумен жасырып жүретін көрінеді. Ал 17% ханымдар 2 айдан соң, 16% - 6 ай, 8% - бір жылдан кейін ғана "бетпердесін" шешеді екен.

Мынаған қараңыз, әйелдердің 3%-ы өз жұбайының көзіне ешқашан да макияжсыз көрінбейді екен. 

Әлемде әрбір үшінші әйел өз күйеуіне әдемі болып көріну үшін таңертең тұрып, айнаның алдына жайғасып боянуға кіріседі. 60% әйелдер түнде де сұлу болып көріну үшін ұйықтарда бояуын жумай жатады. Ал 20% әйелдер қауымы қарым-қатынастың алтыншы айына дейін жатар кезде макияжын дұрыстап әуре болатын көрінеді.

68%-ды құрайтын әйелдер өздерін макияжсыз ауру адамға ұқсатады екен. Ал 30%-ы боянып өз-өзін ретке келтіру үшін жер таңдамайды. 25%-ы макияжсыз көшеге не дүкенге шығуды ұят санамайды. 

Ал жұмысқа боянбай келетін әйелдер 27%-ды құрайды екен. Олардың 5%-ы кездесуге бояусыз шыққанды ар санайды. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

А. Әбілхан