Қыздар қашан бақытты болады?

Қыздар қашан бақытты болады?

Ғалымдар әйел адамның елу жасын ең бір керемет кезеңі деп тапқан. Себебі әйел адам бұл жасында қарым-қатынас пен тұрақтылыққа ие болады екен.

Аустралия зерттеушілері 20-65 жас аралығындағы 1500 адамнан сауалнама жүргізіпті. 49 пайыз әйел өздерін 50 жастан асқан соң ғана шынымен де бақытты бола алғанын айтқан. Ал ширек бөлігі адамдармен жүргізілетін қарым-қатынастың жақсара түскенін жасырмапты.  

Елуден асқан аналар бойжеткендерге қарағанда өмірде белсенді өмір салтын ұстанатын болып шыққан. Өткен жылда олардың 42 пайызы фитнес залдарына баруға жазылған, ал 23 пайызы келер жылы ғана спортпен шұғылдануды бастайтынын жеткізген. Ал 20 жастағы бойжеткендердің 16 пайызы ғана шынығуды қолдапты.

50-ден асқан жалғыз басты әйелдердің 11 пайызы танысу сайттарының қолданушысы екендіктерін де мойындапты. Қыл-келіншектердің 15 пайызы ғана әлеуметтік желіде қарым-қатынас құратынын айта алған.

Тұрмысқа жас күнінде шығып, 50 жастан асқан соң ғана өздерін бақытты сезіне бастаған әйелдер қауымы 50 пайыздан асып кеткен.   

Ана өзінің 25 жасқа дейінгі қызымен құрбысындай араласатынын айтса, 64 пайызы өз балаларының өсіп, жетілуі себепті бақытқа бір табан жақындағандай сезінетінін мақтанышпен айтты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: anyutka.net

А. Құлтай