Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тас гүлін іздеген бала

Тас гүлін іздеген бала

Тас гүлін іздеген бала

Кішкентай қыз бірдеңе іздеп жүр. Ол алыстан қарағанда бейне ай нұрының суда жүзген сәулесі сияқтанады. Ол айналасына үңіле қарап алып жердегі тастар арасынан бірдеңелерді іздей жөнеледі. Орнынан тұра сала оң-сол жағына көз жүгіртеді. Өте мұқият. Осылай жүргеніне екі сағат болды. Қаладан бірер шақырым өзеннің бойында не іздеп жүр? Бәлкім, бір нәрсесін жоғалтып алған болар. Мен оның әрекетіне қызығып, аулап отырған балығымды тастадым да, оның қасына бардым. Жерге жүрелеп отырған ол менің аяқ дауысымнан басын көтерді. Сегіз жастар шамасы. Әдемі көздерінен өз балалық шағына сай келе бермейтін біртүрлі аяныш менмұндалап тұр. Ақ көйлегі де кір болып кеткен. Шашын да өзі буып алған сияқты. Ретсіз. Бірақ сүйкімді. Ол маған үнсіз қарап тұр.

- Балақай, не іздеп жүрсің?

Менің мейірімді жүзім оған жылылық бағыштаған:

- Мен тас гүлін іздеп жүрмін.

- Тас гүлі?

- Иә, тастың үстіне ашылған гүл.

Бұл сөзді естігеннен кейін: «Қыздың ақыл-есі дұрыс па?» деген ой келді маған. Жұмысымды қойып келгеніме өкінгендей болдым.

- Саған тас гүл ашады деп кім айтты? Сені алдаған екен, – дедім.

- Жоқ. Шешем айтқан, – деп ол ақталып жатыр.

Шешесі алдаған екен. Сәл үнсіздіктен кейін өзінше жағдайын түсіндіре бастады.

- Әкем мен шешем күнде соғысады. Кейде бір-біріне қол жұмсайтын. Нағашыларым, нағашы апайларым көп ақыл айтты. Шешем үнемі маған тас гүл ашқанда, атқа мүйіз шыққанда барып жақсы болатын шығармыз дейді.

Мен бұл сөзді естіп, аңырып қалдым.

- Гүлді іздегеніме бірнеше күн болды. Еш жерден таба алмадым, - деді. Оның бала жүзінен қайғы лебі есіп тұр. Кенет:

- Ағай, сіз біздің қалаға не істеп келдіңіз? Сіздер жақта тас гүлі бар ма? – деп сұрады ол.

Оның көздерінен үміт оты ұшқындап кетті. Өзегімді ащы бір күй кернеп кетті. Енді оған қалай жауап берсем екен?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: pp3.cn

2420 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 15:12
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 15:59

:cry: :cry:

+0
12 наурыз 2013, 16:15

ех, баланын козiнше айгай,урыс болган жаманда.

+0
12 наурыз 2013, 16:48

баланың көзіне ата-аналардың сонша ұрысатынын түсінбеймін. Неге бала жазықты болуға тиіс?

+0
12 наурыз 2013, 16:56

Қаншама балалар іздеп жүр екен сол гүлді(

+0
12 наурыз 2013, 17:06

Баланың аңқау көңілі ай...

+0
12 наурыз 2013, 17:14

Сәби журеги...назик кой....

+0
12 наурыз 2013, 18:39

мүйізі бар ат іздестіруді ұсыну...

+0
13 наурыз 2013, 16:43

сеники дурыс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...