Қанаттанудың қарапайым қарекеттері

Қанаттанудың қарапайым қарекеттері

Жұмысыңыз шаршатты ма? Шырғалаңнан ада болғыңыз келе ме? Ұсынылған осы бір кеңестер сіз үшін кәдеге жарар дедік. Қанаттанудың шабыттанудың алтын ережелері де осылар болмақ...

1. Маңызы жоқ дүниелерге сырт айналғаныңыз дұрыс. Елемеу – ең қиын әдістің бірі. Бірақ бұл әдісті үйренген әрбір адам бақытқа бір табан жақын дей беріңіз. Көп жағдайды жадыда ұстау, оған маңыз беріп қарау сізге зиянын келтіруі әбден мүмкін. Маңызсыз дүниелерді елемеу сіздің артық энергияңызды жемейді, пайдалы жұмыс жасап, ой қорыта білуге мүмкіндік тудырады.

2. Сізге пайдасы жоқ дүниені нақты саралап алыңыз. Кейінде одан құтылудың амалын іздеңіз. Бос уайым мен өкініш, екі ұшты ойға беку секілді ойлардан аулақ болғаныңыз жөн. 

3. Жиі күліңіз. Комедиялық кинофильмдерді көріп, әзілге жақын дүниелерді оқудың пайдасы зор. Қатаң әрі салмақты болып өмірді өткеру қате. Күлкі – стресстен құтылудың, мәселені оңтайландырудың ең пайдалы әдісі.

4. Өмірде жеткен жетістіктеріңізді саралап алғаныңыз жөн. Біз қандай да бір жетістікке жеткенде оған деген жолдың қандай ауыр әрі маңызды екенін ұмытып кетеміз. Өткен жетістіктеріңізден үлгі алыңыз.

5. Денеңізді шынықтырыңыз. Қанаттанудың, жаңа дем алудың ең бір сәтті жолы осы. Жұмыс орныңыздан шығып, аз-кем жүгіріп, серуен құрыңыз. Ағзаңыз сонда ғана қызметін жөнді атқармақ.

6. Өзіңізге барынша жақын ортада болғаныңыз дұрыс. Мейлі, қандай жағдайда болсаңыз да отырған, тұрған, жүрген жеріңізде тек өзіңізге ыңғайлы, ұнайтындай етіп алыңыз.

7. Сәттілікке жол ашқан адамдардың өмір жолын оқып-біліңіз. Шабыттаныңыз, оларға деген қызығушылығыңызды оятыңыз.

8. Біз кейде бір жұмысты соңына дейін бітірмейінше орнымызды ауыстырмаймыз. Мүмкін басқа да жұмыстарды қатар атқарып көру керек шығар? Бір әрекетті жасай бергеннен адамның қанаты талып, шабыты жоққа аналады. Дәл осылай мәселенің шешімін тезірек табуға болады.

9. Жұмыстың бітіп жатқанын, оны өзіңіз өзгенің көмегінсіз жасағаныңызды медет тұтыңыз. Өткенге оралып, өзіңіз жасаған нәтижелерді көріп, білуіңіз маңызды. Бұдан да қанаттана аласыз.

10. Өзіңіздің жасап жатқан жұмысыңыз туралы айтыңыз. Отбасында да, жұмыста да. Істі тындырымды етіп атқарып жатқаныңызды, пайдалы іспен айналысып жатқаныңызды айтып, олардың да әрекеті туралы сұраңыз. Бұл жауапкершілікті қажет ететін іс. Себебі жақын адамдарыңызға айтқан соң бұл істі сіз одан жа жақсырақ етіп жасауға шабыттанасыз.

11. "Энергетикалық вампирлерден" сақтаныңыз. Сіздің жұмысыңызға, нәтижеңізге қырын қараушылар, сенбеушілер, күдік ойлары басым адамдардан алыста болғаныңыз дұрыс-ақ. Скептиктер мен пессимистер ойыңыздың күлін көкке ұшыруы да мүмкін.

12. Нақтыланған мақсат құрғаныңыз абзал. Мақсаттарыңызды жазып алсаңыз да бұл іс пайдасыз емес. Бір істі жалғастыру үшін шабытыңызды қайта оятып әуре болғанша автоматты түрде қағазға қарап білсеңіз санаңыз бұған дайын болмақ. 

13. Қандай да бір істі бітірген соң өзіңізге сыйлық жасаңыз. Рахаттана біліңіз.

14. Жеңілгеніңізді де мойындай біліңіз. Сәтсіздік те сәттілік секілді – ісіміздің нәтижесі ғана. Басқа дәнеңе де емес. Қанаттанудың ең қатігез жауы – қателіктен қорқу. Сіз істі бастамағаныңыздан қорыққаныңыз дұрысырақ.

15. «Жоқ» дей біліңіз! Бос ойын-күлкіге, қызығушылықтарға, депрессияға жоқ дей біліңіз. Істі бастамай тұрып, оның сізге қаншалықты пайдасы барын ойлаңыз.

16. Көңілді адамдарды іздеңіз. Позитив – көңілсіздік, жылаңқы болу, уайымдау, арыздану, сылтаурату деген секілді жаман қасиеттерді жеңе алады. Ал көңілді әрі тапқыр адамдар ғана жетістікке жетпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

А. Құлтай