Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тағы бір рет...

Тағы бір рет...

Тағы бір рет...

Әр рет сәтсіздікке ұшырағанда, ең алдымен не ойлайсыз? Азаптанып, өзекті өкініш өртей ме, жоқ әлде тағы бір рет орай болса, осы  өкініштеріңіздің орынын толтыруға құлшынасыз ба?

Әрине, бәріміз де тағы бір рет орайдың болуынан үміт етеміз. Айналаңыздағылардың назарындағы тағы бір реткі орайдың қаншалықты маңызды екенін білгіңіз келе ме? Ұзақ уақыт бірге тұрмыс кешірсе де, дәм-тұзы жараспаған бір жұп некеден ажырасар сәтте әйелінің көз жасы көл болып: «Егер тағы бір рет өмірге келсем, сен сияқты сіңірі шыққан кедейге қор болмай, бай біреудің етегінен ұстап еркін өмір кешер ем» десе, жігіт: «Егер тағы бір  рет өмірге келер орай болса, ақша тауып, байлық жинап, сені сатып алып көл-көсір тұрмысқа кенелтер едім...» дейді.

Ауру меңдеп қал үстінде жатқан қарт ана балаларына: «Ұрпағым, мен сендерге ұяттымын, әкелерің дүниеден ерте өтті, сендерді ержеткізу үшін ауыр азап тарттым. Сендерді адам қатарына қостым, тек сендерді елдің баласы сияқты шетелге жіберіп оқыта алмадым, менің жаныма ең бататыны да осы. Сендерге жоқшылық көрсетпей ержеткізу арманым еді. Амал не, орындай алмадым, қалған жолдарыңда бір-біріңе сүйеніп өткізіңдер. Адамдық жолымен жүріңдер. Егер аналарың тағы бір рет өмірге келсе, жаулығын сатса да, қайыр тілесе де, сендерді оқытып, білім алғызар еді... Орай болса...» деп үздігіп барып тынысы тоқтады.

Ал біз әрқашан жеңіліс тауып, сүрінген кездерімізде ең әуелі көңілдегі өз осалдығымызға кейістік білдіріп, келер күндерден, алдағы әрбір минуттан өкініштің орнын толтырар саңылау іздейміз де жүреміз.

Әлгі бір жоғалтып алған бақытын тағы бір рет келер деген сеніммен үмітімізді үзбей жүреміз. Жақсылық – адамға бір-ақ рат келер деп мөлшерлеу қате. Бақыт сенің қасыңда. Орай қолыңа күнде келіп қонатын – құс.

Маңыздысы сол әдемі сәтті уақытымен игере білу керек. Тағдыр тырнағын батырып, өмір сені өксіткен кездерінде, тағы бір рет деген сөзді ұмыта көрме. Тағы бір рет құлшын, жығылған орыныңнан тұр!

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: httpcn.com

2453 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 06 наурыз 2013, 13:41
Тегтер: орай,
Пікірлер
+0
06 наурыз 2013, 14:08

Құлап қалсам да қайта тұрып жүгіруге қақым бар соны білем

+0
06 наурыз 2013, 15:37

Окініш өртеп, тағы бір рет орайы болса, осы өкініштерімнин орынын толтыруға құлшынамын.

+0
06 наурыз 2013, 20:20

Әлгі бір жоғалтып алған бақытын тағы бір рет келер деген сеніммен үмітімізді үзбей жүреміз. Жақсылық – адамға бір-ақ рат келер деп мөлшерлеу қате. Бақыт сенің қасыңда. Орай қолыңа күнде келіп қонатын – құс. ай ай осы орайды ұстап алғым келеді

+0
07 наурыз 2013, 19:06

көтер ғана басыңды жыламағын.....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...