Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Саусаққа қарап адам тануға болады

Саусаққа қарап адам тануға болады

Саусаққа қарап адам тануға болады

Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша айтар болсақ, шылдыр шүмектің ұзындығына қарап қаржыгерлік қабілетіңіз бен жалпы қандай мүмкіндіктеріңіздің барын оңай-ақ білуге болады.

Италияда жасалған зерттеуге 2 мың адам қатысыпты. Қатысушылардың бір бөлігі шағын бизнес жүргізетіндер болса, екінші бөлігі орта бизнеспен айналысатын адамдар екен. Олардың ақша табу ісінде қандай да бір жетістікке жеткендіктері жайлы сұрақтар қойылады.

Ал сұхбат барысында зерттеушілер олардың қолдарын суретке түсіріп алыпты. "Аты жоқ саусақтың" қаншалықты ұзын болуына байланысты, оның мүмкіндігі де, жетістіктері де көп болған-мыс. Ал саусағы қысқа болса, онда оның бақытты болуы екіталай дейді өз ойларына сенімді мамандар.

Бұл жағдай тек бизнестегі жағдайды тексермеген. Сонымен қоса, неше түрлі спорттық ойындарда да саусақтың «атқаратын» қызметі зор екен.   

Сәтті делінген адамдардың сұқ саусақтарына қарағанда, атсыз саусақ 10-20 пайыз көлемде ұзынырақ болыпты. Бұл адамдар ірі компанияларды басқарып, ауыр жұмыстармен айналысқан болып шыққан. Ал ғалымдар өз кезегінде мұны түсіндіріп те қойыпты. Олардың айтуы былай: Егер адам қолын ербеңдетіп әрлі-берлі сермей берсе, саусақтары ұзынырақ болады, осы арада ми тез жұмыс жасайды.

Мұндай қабілет ана жатырында-ақ эстроген гормондары мен тестостерондардың әсер етуімен беріледі дейді ғалымдар. Мансаптағы жетістіктер мен спорттағы марапаттарды ұту үшін тек талап пен жігер ғана емес, сонымен қатар эстроген гормондары мен тестостерондардың қызметі де қатысуы керектігі анықталды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vasi.net

7744 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 наурыз 2013, 19:57
Пікірлер
+0
04 наурыз 2013, 20:40

Келіспеймін. Ол адамның өзіне байланысты саусағына емес.! :geek:

+0
04 наурыз 2013, 21:24

спорт демекші, армрестлингте саусақтың рөлі өте зор екен, саусағың ұзын болса, қарсыласыңның кистінен ұстап алсаң, ол сені жеңе алмайды :ugeek: )) А, айтпақшы, менің аты жоқ саусағым сұқ саусағымнан ұзын екен (негізі саусақтарым бәрі ұзын дае) 8-) :mrgreen:

+0
04 наурыз 2013, 21:25

*армрестлинг - қол күрес) #түсінбесеңіз

+0
04 наурыз 2013, 23:02

мүмкін ғой

+0
05 наурыз 2013, 09:48

Келісемін. Өйткені, менің де саусақтарым ұзын ;)

+0
05 наурыз 2013, 10:06

Саусақтың ұзын болуы емес, сұқ саусақтан шылдыр шүмектің ұзын болуы айтылды, қата баспайық :o :D

+0
05 наурыз 2013, 10:10

келіспеймін!!!!

+0
05 наурыз 2013, 10:15

Сұқ саусақтан ұзынырақ екен шылдыр шүмек) сонда да келіспеймін(

+0
05 наурыз 2013, 23:17

Егер адам қолын ербеңдетіп әрлі-берлі сермей берсе, саусақтары ұзынырақ болады, осы арада ми тез жұмыс жасайды. сабақ айтқанда қолды қозғалту керек деген сөз болар онда :?:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...