Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Ана мейірі

Ана мейірі

Ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Ол ақылы асқан даналардан ақыл-кеңес сұрап, солардың айтқаны бойынша өмір сүруге қатты талпынып, бой ұрыпты. Шешесінің айтқан ақылын тыңдамапты. Бір күні үйінен қашып шығып дана адамды іздеуге бел буыпты. Ол тау асып, тас басып ақыры бір күні шаршап, елдің бәрі ақыл жатқан бір қарияға жолығыпты. Шал оған: «Бұл оңай, сен жақсылап демалып, азықтанып ал да келген жолыңмен кері қайт, есіңде болсын балап, бір адам саған жалаң аяқ есік ашады, іздеген дана адамың сол, сен сол адамның ақылын алып, сол бойынша өмір сүрсең кем болмайсың!» дейді. Жігіттің қуанышы қойнына сыймай шалмен қоштасып кері қайтады. Бірінші күні егіншінің үйіне қонады, бірақ оған есік ашқан ер адам үй иесі – жалаң аяқ болмай шығады. Күнде өтіп, талай елге кездесіп барлық үйге кірсе де оны ешкім жалаң аяқ қарсы алмайды. Діңкесі құрып, әбден сілесі қатқанда ол үйіне жетеді, түн ортасы. Есік қағады. Үйден шешесінің «Кім?» деген әлсіз дауысы шығады. «Мен, ұлыңызбын!» деп жауап береді ол. «Сенбісің құлыным!» деп өңі қуаң тартқан шешесін ұлының атын шақырып, үйге кіргізіп, көзінен жасы төгіліп, ұлын құшақтап ұзақ отырады. Дәл осы сәтте ұлы жерге қарап еді, шешесінің суық жерде жалаң аяқ тұрғанын көріп, көзі шырадай жанады, шалдың айтқаны есіне түседі, сөздің мәнісін түсініп, ұлы да еңірей келіп шешесін құшады. Солай, аяқ киімін де киюге үлгермей баласына есік ашатын аналар аман болсын! Алда келе жатқан мерекелеріңізбен!

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: hameleons.com 

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 02 наурыз 2013, 20:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.