Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Орай

Орай

Алқара теңіздің төсінде жүзіп келе жатқан кеме апатқа ұшырады. Жүздеген адамдар арасынан су ішері бар біреуі ғана ағашқа жабысып, судың ағынымен бір аралшаға шығып, аман қалады. Жүрегінде үміт оты өше қоймаған ол аралды шиырлап, тамақ боларлықтай дүниенің бәрін жинайды. Әрі оны ағаштан күркеше жасап, ішіне тасып алады. Бұл дүниелер оның бір ай талғажау етіп, күн көруіне жететін еді. Осы аралықта кездейсоқ өткен кеме де ұшырасып қалуы мүмкін.

Ол әр күні биік жерге шығып, теңізге көз тастаумен болады. Бірақ, арада бір апта өтсе де, теңізден бірде-бір кеменің қарасын көре алмайды. Бір күні теңізге тағы шолуға шықты. Кенет аспанды бұлт торлап, найзағай жарқылдады. Күркеше жақтан будақтап ыс шыға бастады. Ол сол жаққа қарай жүгірді. Күркешеге жай түсіп, өртеніп жатыр екен. Лаулаған жалын бой берер емес. Сол сәт ол жаңбыр тілеп, өкіріп жылай бастады. Күркеше күлге айналып болғанша, жаңбыр да жауған жоқ. Үміті үзілген ол мүлдем торыққан күйде күркеше жанындағы шөптің тамырымен өз-өзіне қол салды. Көп өтпей, аралға кеме келіп тоқтады. Күлге айналған күркеше мен өлікті көрген кеме бастығы: «Ол өрттен будақтаған қара түтіннің алыстағы кемелерді бұл араға бастап келерін мүлде ойламаған екен ғой, сәл сабыр сақтаса аман қалар еді» деді күрсініп.

Орай ойламаған жерден кезігеді. Орайды жарата білу керек, бірақ, орайды күте білетін жүректілік те керек. Қою қараңғылықтан кейін құланиектеп таң шұғыласының көтерілетіні сияқты, тамаша өмір де дауылдан кейін болады. Тек оны күте білсеңіз ғана болды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: foundmydream.blogspot.com

1911 8
Рейтинг: +8

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 06:48
Пікірлер
+0
27 ақпан 2013, 09:20

Орайы келсе, орақ ор

+0
27 ақпан 2013, 10:35

Күшті екен, маған қатты ұнады. Сабақ қой мынау білген адамға.

+0
27 ақпан 2013, 10:52

Күте білейік...

+0
27 ақпан 2013, 11:25

менен бiр плюс! :!:

+0
27 ақпан 2013, 11:42

тамаша өмір де дауылдан кейін болады. Тек оны күте білсеңіз ғана болды. Керемет маған ұнады. :)

+0
27 ақпан 2013, 12:42

Күшті

+0
27 ақпан 2013, 14:43

дауылдан кейінгі жақсы өмірді күтейік :lol: :lol: :lol:

+0
28 ақпан 2013, 00:17

Тек мықты адамдар ғана күте біледі....... :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...