Сөзіңе қарап таниын...

Сөзіңе қарап таниын...

Амандасқанда қарсы жағының жұбайының, балаларының атын атап сұрайтындар - ара байланысқа ерекше мән беретіндер.

Аяғының ұшымен жер шұқып, немесе желкесін қасып сөйлейтіндер – жасқаншақ, жасық, кінәмшіл жандар.

Сөйлегенде есік жаққа жалтақтап, барған сайын бәсең сөйлейтіндер - секемшіл, күмәнқор жандар.

Өзі біліп тұрған нәрселерін әдейі мазақтап сұрайтындар – сабан астынан су жүгіртуге құштар, басқалардың қолымен от көсегісі келіп тұратындар.

Мәртебесі жоғары адамдардың алдында оның келсе-келмес шашбауын көтеріп, басқаларды мұқата сөйлейтіндер - өзін көрсеткісі келіп, сол көрсетуі арқылы мәнсапқа жетсем деушілер.

Жұбайының көзінше үнемі адалдығын айта беретін адамдар - жарынан күдіктенетіндер немесе бұрын махаббаттан оңбай «таяқ» жегендер.

Біреудің бірер жұмысқа басы қатып тұрғанда екі қолғабын шешіп, қолтығына қысып: «Оған несіне қиналасың, көрейікші қане...» дейтіндер - жұмысқа шыдамды, қажырлы адамдар.

Сөз таласы кезінде оқыс қарқылдап, жотаңнан қағып кеткендер - сол майданда сөзден жеңілгендер немесе сенің әлсіздігіңді байқағандар.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: hujiang.com

M. Auelkhan