Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ол маған ғашық сияқты!

Ол маған ғашық сияқты!

Ол маған ғашық сияқты!

Қыздар кейде жігіт көзқарасын дұрыс анықтай алмай жатады. Жанарына біреу қадала қалса, табан астында жылы сөйлей қалса, өзіне ғашық екен деп ойлап қалады. Сөйтеді де, сол жігіттің өзіне келіп жүрегін ұсынғанын күтеді. Ал жігіт ол ару жайында қандай ойда? Онда қыздың шаруасы жоқ. Өзін-өзі алдап, оның келер жолын тосып жүре береді. Өтірік емес!

Менен көзін алмайды


Кешірерсіз, сұлу болсаңыз, сізге бәрі сұқтанады. Егер жігіт сізден көзін алмай қарай берсе, бірден "сындырып" алдым деп ойлай салмаңыз. Мүмкін ол сізді бір танысына ұқсатып отырған болар. Бәлкім сізді бір жерден көргендей болып отырған шығар. 

Менің суреттерімді қарапты


Егер жігіт сіздің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаңызға "қонақ" болып кірсе, бірден ғашық екен деп ойлауға асықпай қоя тұрыңыз. Оның қандай мақсатта бас сұққаны туралы жан-жақты ойланыңыз. Сізде бар сурет оған ұнайтын шығар. Сол суретті өзіне жүктеп алу үшін кірген деп ойлаңыз. Немесе байқаусызда тышқанның стрелкасы сіздің парақшаңызды басып қалған болар. 

Мені сұрастырып жүр екен


Сізді ортақ таныстарыңыздан сұрастырып жүрсе, қуануға әлі асықпаңыз. Әрине, көп жағдайда мұндай сұрастырумен басталған оқиғалар махаббатпен тәтті аяқталып та жатады. Бірақ бәрі де сіздің жүрегіңізден орын табу мақсатында сұрастыра бермейді. 

Мені кеше биге шақырды


Екеуіңіз бір кеште кездесіп қалдыңыздар делік. Шаршы топта өңшең бұраң бел, қаракөзділер арасынан сізді биге шақырды ма? Демек сіз әдемі билейсіз, не сізден сол сәтті пайдалана отырып бір нәрсе сұрамақшы. Бұлар да болмауы мүмкін. Әрине, сізге көзі түсіп, ұнатып биге шақырса, "қой" деп неміз бар? Бірақ сіздің ойыңыз бірден алысқа кетпес үшін алдымен өзіңізді-өзіңіз орныңызға түсіріп қойыңыз. 

Маған тиісе береді


Сізге жігіт жөнсіз тиісе бере ме? Ол ғашық болғаннан ғана емес. Мүмкін сіз көңілді қыз болған соң, сізбен ойнап-күлу оған жағатын шығар. Бәлкім сізбен тек қалжыңдасатын болар. Бала емессіз ғой. Кейде шынайы сезімі бар адам мен жай ойнап отырған адамды ажырату оңайға түспейді. Тек сіз қателеспеңіз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

12953 14
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 15:45
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 15:06

:lol: Рас, рас))

+0
21 ақпан 2013, 15:08

:lol: :lol: иә, иә! солай! асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ)))

+0
21 ақпан 2013, 15:29

Асықпайық деп және –
Бөгеліп көп тұрмаңдар... )))

+0
21 ақпан 2013, 15:17

Өзі келіп сөз айтпайынша бекер дейсің ғой? :)

+0
21 ақпан 2013, 15:24

еркектерді түсіну үшін алдымен әйелдерді түсініп алу керек. Ал ол мүмкін емес ;)

+0
21 ақпан 2013, 15:39

Тисе береді)

+0
21 ақпан 2013, 15:47

:lol: :lol: :lol: асыкпан кыздар!

+0
21 ақпан 2013, 19:12

ғашық адам бәрін де істейді, тиіседі, мазақтайды, ұрысады, күледі, жылайды... :mrgreen:

+0
21 ақпан 2013, 19:41

иеее, рас )

+0
22 ақпан 2013, 00:20

келісем

+0
22 ақпан 2013, 01:22

әркімге өзі білінеді ғой. ұнатып қалса сезімін білдірудің әйтеуір бір амалын табады

+0
22 ақпан 2013, 12:23

Ма мынадан кейін еш ой ойламай ақ қой десеңші бірден :lol:

+0
22 ақпан 2013, 21:12

)))шыныменде) Менің суреттерімді қараптығой :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...