Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сен бір жұмбақ адамсың...

Сен бір жұмбақ адамсың...

Сен бір жұмбақ адамсың...

Адамның ең үлкен қасіреті – кешегі жоғалтқаны емес, қайта өткендегі қасіреттен айыға алмауы;

Адамның ең үлкен ақымақтығы – алдындағы қатерлі орды байқай алмауы емес, сол орға екінші рет қайта түсуі;

Адамның ең құлазыған кезі – күткен адамның одан әрмен күттіруі емес, сол адамның өзінен алыстап кетуі;

Адамның ең іш пыстырарлық кезі – бірдеңе істей алмай қалуы емес, не істерін білмеуі;

Адамның ең қатігездігі – біреуді арандату емес, оған көмескіде ор қазуы;

Адамның ең масқаралығы – басқалардың несібесіне ортақ болуы емес, өзіне тиесілі несібеден айырылуы;

Адамның ең пасықтығы – тән сату емес, ар-ожданын сатуы;

Адамның ең азапты шағы – сүйген адамына қол жеткізе алмауы емес, сол сүйген адамының бақытқа кенеле алмауы;

Адамның ең бақытты шағы – бір шоқ гүлге ие болуы емес, мәңгі гүлге орануы;

Адамның ең көңілді шағы – басқалардың саған шаттық бағыштауы емес, қайта сенің басқаларға көңілділік сыйлауың;

Адамның ең зеректігі – басқалардың байқай алмағанын байқау емес, байқағысы келмегенін байқауы;

Адамның ең бай кезі – алтынға ие болған кезі емес, алтынға да сатып ала алмайтын дүниелерге қолы жеткен шағы;

Адамның ең ардақты кезі – оның істеген жақсылығын басқалардың ескеріп жүруі емес, өзінің басқаларға істеген жақсылығын ұмытып қалуы;

Адамның ең ұлылығы – бұл дүниені жаратуы емес, бұл дүниені жарататын адамды жаратуы.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: qing.weibo.com

3537 13
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 12:19
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 12:40

"Адамның ең үлкен ақымақтығы – алдындағы қатерлі орды байқай алмауы емес, сол орға екінші рет қайта түсуі" Мына сөз дүп-дұрыс айтылған!

+0
20 ақпан 2013, 13:29

Адамның ең үлкен қасіреті – кешегі жоғалтқаны емес, қайта өткендегі қасіреттен айыға алмауы;

+0
20 ақпан 2013, 13:41

Адамның ең бай кезі – алтынға ие болған кезі емес, алтынға да сатып ала алмайтын дүниелерге қолы жеткен шағы;

+0
20 ақпан 2013, 14:09

дурыс айткан екен!

+0
20 ақпан 2013, 14:27

Адамның ең құлазыған кезі – күткен адамның одан әрмен күттіруі емес, сол адамның өзінен алыстап кетуі :idea:

+0
20 ақпан 2013, 16:30

Адамның ең бақытты шағы – бір шоқ гүлге ие болуы емес, мәңгі гүлге орануы; :!: :!:

+0
20 ақпан 2013, 19:14

не деген создер а айтып айтып тастапты го

+0
20 ақпан 2013, 22:40

Керемет айтылган

+0
22 ақпан 2013, 22:55

ұнап қалды, ойландырды

+0
24 ақпан 2013, 17:25

"Адамның ең пасықтығы – тән сату емес, ар-ожданын сатуы",осыған 100%-ға қосылам
Керемет,әсерлі әрі ойландырыады екен.....................................................................................

+0
24 ақпан 2013, 21:03

Адамның ең құлазыған кезі – күткен адамның одан әрмен күттіруі емес, сол адамның өзінен алыстап кетуі;

+0
04 қаңтар 2014, 22:44

ТҮСІНІП АЛУ КЕРЕК, РАХМЕТ!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...