Жұмысты дұрыс жоспарлай білмесеңіз...

Жұмысты дұрыс жоспарлай білмесеңіз...

Бәріне үлгергіңіз келе ме? Жұмысты дұрыс жоспарлау - оны уақытында әрі сәтті жасаудың амалы. Істер тізімін жасап, маңыздыларын ерекшелеп, уақытын белгілеп қойыңыз. Жұмысыңыз оңай жасалғанын өзіңіз де байқамай қаласыз.

Ал жасаған жоспарыңыздан қалып қалмау үшін кішкентай кеңестерді есте сақтап жүріңіз.

  • Әр ісіңізге қосымша уақыт бөліңіз. Мысалға әр іске 5-10 минут артығырақ уақыт бөлсеңіз, оны толыққанды орындап, қайта тексере аласыз. Ылғи асығу сезімнен арылып, нәтижесінде ісіңіздің сәтті шығуына сенімді боласыз.
  • Жұмыс күнінің соңына дейін отыра алмайсыз ба? Шаршағандық жұмыс соңында кедергі болса, түстен кейін көз жұмып, дем алуды әдетке айналдырыңыз.
  • Заманауи техниканың жетістіктерін қолданыңыз: Outlook не басқа бағдарламамен кестеңізді құрыңыз. Ол интернет арқылы жұмыстағы, үйдегі компьютерлер және смартфоныңызды сәйкестендіріп, тізім құруды оңайлатады.
  • Смартфон, телефонда арнайы естеліктер сақтаңыз. Осылайша қажетті істерді ұмытпай, алдын ала жасап жүріңіз.
  • Басқа адамдарға тапсырған шаруаларды жазып жүріңіз. Олардың орындалуын да қадағалаңыз.
  • Жеткен жетістіктеріңізді, алған алғыс хаттарды, естіген мадақтарды жазып, сақтап жүріңіз. Бұл жаңа белестерге жетуге рухтандырады.
  • Басшылықтың айтқан әр ескертуін де жібермей, жазып алыңыз. Олардың бәрін шешіп, жоққа шығаруға тырысыңыз. Осылай ғана сәттілікке жете аласыз.

Дайынаған: Сания Аринова

Сурет: findajob.ie

С. А