Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тұрмысқа шықпайынша жасауға болмайтын 10 іс

Тұрмысқа шықпайынша жасауға болмайтын 10 іс

Тұрмысқа шықпайынша жасауға болмайтын 10 іс

Сіздің жаныңызға жақын сүйіктіңіз бар делік. Қарым-қатынастарыңыз жақсы, алайда той туралы әлі сөз қозғаған емессіздер. Осындай өтпелі кезеңде істеуге тыйым салынған заттар бар. Солардан аулақ болыңыздар.

Оған немесе оның отбасына қарызға ақша беру

Қарым-қатынасты құртудың бірден-бір амалы - қарыз беру немесе алу. Әрине жігітіңіз ақшаны мейлінше тез қайтаруға тырысады, алайда оған мүмкіндігі бола алмай қалуы мүмкін. Араңызда түсініспеушілік орнап, ақша қайтарылмағанша жайсыздық сезінесіздер. 

Ортақ несие алу/депозит ашу

Қандай да бір ортақ қажеттіліктермен несие алып не депозит аштыңыз делік. Қарым-қатынастарыңыз қандай берік болса да, ол тұрақтылыққа кепіл бермейді. Уақыт өте сезімдеріңіз суып, айырылыса қалсаңыз, ақшаны кім төлеп, кім алады? Өте ыңғайсыз жағдайды қаламасаңыз, бұндайдан аулақ болыңыз.

"Маған күйеу ме едің?" 

Жалпы неке тақырыбын қозғай беріп, қандай да бір қыспалықтар жасамаңыз. "Не үйлен, не айырылысамыз!", "Бұндай тақырыпты сақина сыйлағаннан кейін қозғаймыз" деген сөздерден абай болыңыз. 

Болашақ балаларыңызға есім ойлау

Әрине бұл өте романтикалық, еш жамандығы жоқ іс болып көрінеді. Алайда қарым-қатынастарыңыз тойға дейін жетпей қалса, "Арамызда бәрі сондай жақсы еді, тіпті болашақ балаларымыздың есімдерін ойластырып жүрген едік..." деп күрсініп қаласыз.

Жігіттің мәселелерін шешу

Өмірлік тәжірибесі мол адамдар "Жігіттің қиындықтарын шешуге бір кіріссең, өмір бойы шыға алмайсың" деп айтады. Жігітіңізді "жаман үйретпей" өз істерімен өзінің айналысуына мүмкіндік беріңіз.

Жігіттің өзіңізді өзгертуіне жол бермеңіз

"Дала суық, бас киім ки", "Түнге дейін интернетте отырма!" деген жігіттің сөздері өте қамқоршыл, құлаққа жайлы естіледі. Ал "Құрбыларыңмен араласпа!", "Осы мағынасыз әндерді тыңдама!", "Жұмысыңды ауыстыр!" сынды кеңестер сіздің жеке өміріңізге нағыз қол сұғушылық. Бір рет өзіңізді өзгертуге жол берсеңіз, өз "меніңізді" жоғалттым дей беріңіз.

Жігіттің қызығушылықтарын биік қоймаңыз

Көптен күткен демалыстарыңызда ұйқыны қандырып, асықпай үйдің дәмді тағамын ішіп, жігітпен романтикалық кездесуге барып-келуді жоспарлап қойып, оның орнына жігіттің сұрауымен соның достарымен шулы кеште отырсаңыз, ойланыңыз. Өз қызығушылықтарыңызды одан кем қойсаңыз, өмірден қалайша рахат алып, бақытты боласыз?

Өздеріңізді үйленген жұптай көру

Оның отбасымен танысып, анасын "ана" деп, үйінде кешкі ас пісіріп жүрсіз бе? Сол үйдің болашақ келіні болсаңыз да, бұндайға бармаған жөн. Қандай да бір себептермен айырылысып қалсаңыз, көңіліңіз қандай болмақ?

Өмір - қызық, ертеңі белгісіз, сиқырлар мен тосын сыйларға бай, мың бұралған жол. Әрине осы жігіт сіздің жан жолдасыңыз, өмірлік жарыңыз болуы әбден мүмкін. Алайда кейбір істерге тойдан кейін де уақыт бар... 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

785 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 21:34
Тегтер: неке, махаббат,
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 21:47

Орынды жазылған! Жігіт пен қыз болып жүрген соң, бәрі рет-ретімен болса дейсің... Мысалы, кейбір қыздар жігіттерінің киімдерін жуып беріп жүреді. Ол да дұрыс емес деп санаймын. Солай ;)

+0
18 ақпан 2013, 21:52

өте дұрыс айтылған :!:

+0
18 ақпан 2013, 21:55

есте ұстау керек екен :roll:

+0
18 ақпан 2013, 22:01

Қыздар көбіне жігіттерді өзін билеуге жол беріп қояды да, сонан соң жүреді өкініп... Жігіттердің қызығушылығын жоғары қоятын қыздар да көп, мен көп кездестірген өзім жіберген қате де осы шығар...

+0
18 ақпан 2013, 22:39

еркектер жасасын және осымен бітті :!:

+0
18 ақпан 2013, 22:49

Барлығы өз ретімен болған дұрыс. жазба ұнады

+0
18 ақпан 2013, 23:04

Дурыс,дурыс

+0
19 ақпан 2013, 01:44

Мм да. Жөн екен. Бір жағынан өзімізге де жақсы. Негізі басында қалай үйретесің, солай кетеді дейді ғой көпшілігі.

+0
19 ақпан 2013, 09:11

Осыны жігіттер оқыса ғой ))))))

+0
19 ақпан 2013, 12:05

ал оқыдым, не болды? :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
19 ақпан 2013, 12:08

Иә, дұрыс айтылған! Бұны жігіттер оқыса, бірден намыстанып, жоғарыда көрсетілгеннің бәрін жоққа шығарып кері жасағысы келет. Жігіттер терең ойлай біліңіздер, өзіңіздің қарындасыңыз немесе қызыңыз болашақ күйеу балаңыздың алдында осылай жүргенін қалайсызба? Иә дейтін болсаңыз басыңыз істемейт екен, ренжімеңіз сөздің шыны.

+0
19 ақпан 2013, 12:13

түсінбейтін несі бар. Нағыз жігіттер бәрін түсінеді

+0
19 ақпан 2013, 12:17

қуаныштымын, түсінігі мол жігіттер көп болсын!

+0
19 ақпан 2013, 12:11

Менің құрбым жігітіне кредитке мәшине алып берген. Қарызға батып, болашақ енесіне базардан точка алып берген. Жарты жыл болды үйленгендеріне. Шүкір, жағдайлары жаман емес.

+0
19 ақпан 2013, 12:13

Ote oryndy aitylgan! Men 100% kuptaimyn!

+0
19 ақпан 2013, 12:25

Өте дұрыс!

+0
19 ақпан 2013, 12:26

бари дурыс айтылган. Кыздар бастарыныз истесе бундайга жол бермениздер! Себеби менин басымнан откен сон айтам сиздерге. Сезимге берилмениздер!

+0
20 ақпан 2013, 02:22

Сания қарындасым ақыл айту жасына жеткен жоқсын әлі. кім шығарған пәлсапа бұлар?
массагет кілең ''ақылманның'' ордасына айналып барама қалай?

+0
20 ақпан 2013, 11:38

бұл жай кеңес, орындау-орындамау әркімнің өз ісі.

+0
20 ақпан 2013, 19:31

есте устау керек нарсе екен)

+0
30 тамыз 2013, 13:23

өте жақсы мақала!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...