Жаман жаңалықтар мен өсектер: энергияңызды алатын 5 нәрсе

Жаман жаңалықтар мен өсектер: энергияңызды алатын 5 нәрсе
Фото: ru.freepik.com

Жұмысқа бару күннен күнге қиын болып бара жатыр ма? Ал үйде тамақты әрең пісіресіз бе? Оған қоса, денсаулықпен аса бір проблема жоқ секілді. Ендеше, оның себебі неде? Сіз энергияңызды жоғалтқан болуыңыз мүмкін. Энергияңыз қайда кетіп жатыр және оны қалай қалпына келтіруге болады?

Комплекстер мен ішкі сезімдер

Кінә, қорқыныш, ұят, комплекс – бұлардың бәрі сізді іштей біртіндеп жояды. Ал энергияңыз осы сезімдермен күресуге кетеді. Сондықтан өз-өзіңізбен немесе маманмен жұмыс істеңіз.

"Қансорғыш" адамдар

Олар сіздің энергияңызды әдейі "сормайды". Алайда туыстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіз ол жайлы өздері байқамай, пассивті агрессия немесе манипуляция жасау арқылы сіздің энергияңызды алуы мүмкін.

Мазасыздық

Кей адамдар ұсақ-түйектің бәріне мазасызданады немесе бірден ашуланып шығады. Мазасыздық күшті алады. Оның үстіне бір жағдайды ойлай беретін те адамдар бар. Мұның бәрі энергияңыздың азаюына ықпал етеді.

Әлеуметтік желілер мен басқа біреудің өмірі

Адамдар басқаның өмірін бақылағанды жақсы көреді. Ал әлеуметтік желілер оған мүмкіндік береді. Әлеуметтік желіде өз тұрмысыңызды басқанікімен салыстырып, бақытты адамдардың суретін қарап, қалай біраз уақыт өткенін байқамай қалуыңыз мүмкін. Нәтижесінде, энергияңызды жоғалтасыз.

Жаман жаңалықтар мен өсектер

Ғалымдар адамдардың жаман жаңалық оқығанды және өсекті жақсы көретінін баяғыда дәлелдеп қойды. Алайда мұндай жаңалықтарға сіздің энергияңыз кетеді.

Энергияңызды қалыпқа келтіру үшін мына кеңестерге көз жүгіртіңіз:

- Физикалық саулығыңызды қалыпқа келтіріңіз. Энергия жоғалту ағза жағдайына әсер береді. Сондықтан тамақтануға аса мән беріңіз: рационға дәрумендер мен пайдалы элементтерге бай өнімдер қосыңыз, су тепе-теңдігін сақтаңыз, фитнеске уақыт бөліңіз. Сондай-ақ қант пен алкоголь мөлшерін бақылаңыз, 8-сағаттық ұйқыны сақтаңыз және таза ауада жиі серуендеңіз;

- Тітіркендіргіштерден арылыңыз. Жағымсыз эмоция сыйлайтын барлық нәрседен арылыңыз. Жұмысқа нақты уақыт қана арнаңыз: басқа уақытта жұмыс шаруаларына араласпаңыз. Сізде кешкі демалыстар мен демалатын күндер болу керек. Сол кезде ғана энегрияңызды қалыпқа келтіре аласыз. Ал токсик адамдардан арылу қиын болады. Сондықтан олардың әрекеті мен сөздерін көңілге алмауды үйреніңіз;

- Өзіңізді еркелетіңіз. Бұл барлық отбасы бюджетін құрту деген сөз емес. Бірақ өзіңізге уақыт бөліңіз: кітап оқу, фильм көру, достармен кездесу және т.б. Өзіңізге күтім жасай бастағанда айналаңыздағы әлемде өзгере бастайды;

- Шығармашылыққа бет бұрыңыз. Шығармашылық адамдарға күш сыйлайды. Сурет салсаңыз, өзіңізге әдемі киім тіксеңіз, билесеңіз немесе өзіңізге топырақтан ыдыс жасап алсаңыз, бұл сізге қуат береді.

А. Жапатова