Қыздың ойы: мінсіз жігіт мынадай...

Қыздың ойы: мінсіз жігіт мынадай...

Әрбір қыз өзінің күйеуі немесе жігіті мінсіз болса екен дейді. Бірақ әркімнің талғамы әрқандай. Ал мамандар талғамға емес, оның жасына байланысты дейді.

Match.com танысу сайтының мамандары сауалнама жасап, кейін қорытынды шығарған. Сонымен олардың жасаған қорытындысы былай:

18-24 жастағы бойжеткендер. Бұлар жігіті әдемі, күшті, қыз баланы әр ісінде таңғалдыра алатын болса екен дейді. Қыздардың айтуы бойынша, жігіттер заманауи музыка, кино, әдебиеттен хабары болуы керек.

25-34 жастағы қыз-келіншектер. Жігіттердің бұл топта мақсаты айқын, әлеуметтік жағдайы қалыптасқан, «қасқыр» болуы тиіс.

34-44 жаста. Еркек тәрбиелі әрі барлық жағынан мінсіз «джентльмен» болуы шарт. Бұл жастағы әлсіз жыныстылар жас жігіттерге де «кетәрі» емес екенін мойындапты.

44-55 жаста. Еркек оның арқасүйері, қорғаны бола білуі керек. Әйелге қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуы басты орында. Бұл жастағы еркектің түр-сипатына қарағанда әл-ауқатының жеткілікті болғаны пайдалы екен.

55 жастағы әйелдер еркектен жоғары білімділікті, данагөйлікті талап етеді-мыс. Өмірлік тәжірибесінен ұққаны көп адам ең бірінші орында болады-мыс.
Қытай пәлсапашысы Конфуций «Мінсіз адам қатені өзінен іздейді, басқалар өзгеден іздейді» депті. Расында, әппақ махаббатқа жоғарыдағыдай сілтеме жасап, шекара қоюымыз қателік екеніне дау жоқ. Бірақ көпшіліктің бүгінде дәл солай ойлайтыны қынжылтады...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mail.ru

А. Құлтай