Байдың өлімі

Байдың өлімі

Буырқанған тасқында кемесі аударылған бай өлдім-талдым дегенде өзен ортасындағы бір тасқа жармасып, «Құтқарыңдар» деген үні құдайға жетіпті. Құтқаруға бел буған бір ер азамат басын бәйгеге тіге отырып, қайығын есіпті. Қанша тырысса да, дүлей толқын қайықтың жылдамдығын мандытар емес.

«Болсаңшы! Егер мені құтқарып алар болсаң, мың сом тарту етемін» деп айқай салыпты бай. Жігіт қанша жанталасқанымен қайықтың қарқыны сонда да мандымапты. «Болшы айналайын, - деп шырылдапты бай, - Құтқарып алар болсаң, екі мың сом берейін». Жігіт бар күшімен есіп келеді. Аласұрған толқын қайықтың өзін де жұтып жіберердей боп тұр. «Бол! Бол! Үш мың сом берейін. Тез құтқара көрші!». Байдың ащы айқайы мен жалынышты үні қоса шықты. Алып толқын байдың үнімен қоса тіпті де құтырып алғандай. «Құтқарушым, тез жетші! Мен өлер болдым. Саған бес мың сом берейін». Байдың үні бітуге айналды. Қайық жақындап қалғанымен, жете алар емес. Шаршап-шалдыққан жігіттің дәрмені құруға таяу. Толқын да барған сайын ұлғайып, аласұрып келеді. «Он мың сом берейін, күше! Күшей түс. Құтқар мені». Бұл сәтте таудай алып толқын төңкеріліп келе жатты. Ал қайықтың қарқыны керісінше баяулап қалғандай сезілді. Шыбын жаны мұрнының ұшына келген бай «Саған бар байлығымды берейін...» дегенше болған жоқ, дүлей толқын байды қалпақтай ұшырып ала жөнелді. Таудай толқын құшағына алған бай лезде көзден ғайып болды.

Әбден шаршап, жабырқаған жігіт жағаға шығып ойлады. «Мен оны шын ниетіммен құтқаруды ғана ойлағанмын. Ол маған ақша беремін дегенде, қайығымды баяулатсам тіпті де көп ақша алармын деп ойлаппын. Барған сайын көбейте бергенде байлық шынымен-ақ қол созым жерде ғана тұрды. Оның суға ағып кетерін қайдан білейін. Ақшаны былай қойғанда, обалына қалдым-ау! Ақшаны ойламай, тек әділетті ойлағанымда, бұлай болмас еді! Ақшаны есіме қайдан ғана салдың байеке-ау»  деп басын төмпештеп, жылай беріпті.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек