Жігітіңіздің сүйікті үй жануары қандай?

Жігітіңіздің сүйікті үй жануары қандай?

Жігітіңіздің сүйікті үй жануары бар ма? Соған қарап, оның мінезі жайлы тұжырымдама жасауға болады.

Ит

Үлкен иттерге құмар жігіттер қатал, қатаң болады. Талаптары жоғары, алайда сүйіктісін ерекше құрметтейді. Ал кішкентай күшіктерді таңдайтындар жұптарына нәзік қарап, көп көңіл бөледі.

Балықтар

Үйінде шағын аквариумы бар жігіт - өзінің ішкі дүниесіне көп көңіл бөледі. Балықтарының аквариумын тазалап, тамақтарын уақытында беріп тұратын жігіт өзімен тілдесіп, жан-дүниесінің әр уақыт жақсы жағдайда болуын қадағалайды. Ол тазалық пен ұқыптылықты өзінен де, өзгелерден де талап етеді.

Мысық

Үйінде мияулаған мысығы бар жігітпен сіз өзіңізді тәуелсіз сезіне аласыз. Бұндай жігіт артыңыздан қалмай жүгірмейді, онша көп көңіл де бөле бермейді. Алайда сыйлықтар мен гүл сыйлауды ұмытпайды.

Экзотикалық жануарлар

Өрмекші, игуан не кесіртке? Жігітіңіз ерекше экзотикалық жануардың иесі болса, бұл жігіттің ойлау қабілеті басқалардан ерекшеленетінін көрсетеді. Қарым-қатынаста өзін басты адам ретінде сезінеді.

Ал сіздің жігітіңіздің сүйікті үй жануары қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: thedoogle.com

С. А