Қыздар әлеуметтік желіде көп отырады

Қыздар әлеуметтік желіде көп отырады

«Ромир» зерттеу холдингінің мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерде 18 пайыз адам ғана жұмыс бабымен отырады екен.    

Зерттеу холдингі зерттеуді 16-60 жас аралығындағы 1000 адамды бақылау арқылы зерттеу жасаған. Сонда мынадай мәліметтер тізімі жарияланыпты:

  • Интернет қолданушыларының 93 пайызы әлеуметтік желіге қарым-қатынас құру үшін кіреді.
  • Ал 42 пайызы ақпарат-жаңалықтар үшін кіреді.
  • Ер адамдар әлеуметтік желіде қыз балаларға қарағанда аз отырады. Мұны мамандар қыз балалардың сән, опа-далап маркетингімен айналысуынан деп түсіндіреді.
  • Әлеуметтік желіге көбіне жоғары білімі барлар тіркелген.
  • Ең танымал әлеуметтік желі «Вконтакте» болып отыр. «Ромир» зерттеуінше, 1000 адамның 79 пайызы осы желіде екен.
  • Facebook пен Twitter-де көбіне ерлер отырса, өзге желілерде қыз балалар үстемдік құрған.
  • Төрт мемлекеттің әлеуметтік желілерді таңдауы мынадай: АҚШ – Facebook, Twitter, Linkedin, Ресей – Вконтакте, Одноклассники, Facebook, Германия – Facebook, Twitter, Xing, Ұлыбритания – Facebook, Twitter, Linkedin.
  • Әлеуметтік желілерді көп пайдаланатын елдерде ажырасу көп тіркелген.
  • Блогерлердің 30 пайызы - жарнама агенті.
  • Әлеуметтік желі қолданушыларының 15 пайызы аңду мақсатында пайдаланылады екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

А. Құлтай