Әйел жанын қызғаныш жайламасын

Әйел жанын қызғаныш жайламасын

Қызғаншақтық туралы бұрын да айтқанбыз. Бұл жолғы әңгімеміз әйелдер арасындағы қызғаныш туралы болмақ.

Қызғаншақтық - ақымақ әйелдердің ісі. Ақылды әйелдер әрқашан көреалмаушылықтан аулақ жүреді. Олар өзгелердің сұлулығынан, сындарлы сымбатынан қызғанбайды. Сол үшін де іштей азаптанбайды.

Не үшін ол соншама келбетті? Ол неліктен өзі аңсаған арманына қол жеткізе алады? Оның баласы қалайша әйгілі университетке түсе алады? Қарсы алдымдағы қызметтесім неге үнемі қожайынның мақтауына бөленеді? Осындай көптеген "не үшіндер" қызғаншақ жандарды мазалап жүреді.

Дене бітімінен тартып, келісті келбетке дейін, қызметтен отбасына дейін, адал жардан ақылды балаға дейін көптеген әйелдер осылайша салыстырып, үнемі "не үшіннің" жетегінде жүреді. Сөйтіп назары үнемі өзге әйелдерде болатындықтан, қызғану психологиясы оңай пайда болады.

Қызғану - психология теңсіздігінің белгісі. Бұған кіріптар болған әйелдер үнемі өркөкірек келеді. Өзгелерді көзге ілмейді. Басқалар табысқа қол жеткізген кезде, рухани жақтан тіпті де қалыпсыздыққа салынып, әр алуан айла шарғы істетіп, өзінен озық адамдарға әурешілік тудырып, кедергі жасайды. Қызғану себебінен туындаған трагедиялар аз емес.

Тағы бір мағынадан алып айтқанда, қызғанушы әсте жеңіске жетуші емес. Өйткені ол ұзақ уақыт бойы қызғанышты көңіл-күймен азап ішінде жүріп, өзі алға басу орайынан айрылумен бірге, денсаулығын да зақымдайды.

Медицина ғылымында қызғаныш отына өртенгендер дер кезінде "шерін" тарқатпаса, ішкі секрацияның рөлі қалыпсызданып, жүрек қан тамыр, нерв жүйесінің қызметі қалыпсыз күйде болып, уақыт ұзара келе дененің қарсылық қуатын төмендетеді екен.

Қызғаныш - адамдардың көңіл түкпіріне жасырынған бір түп улы шөп. Алда-жалда ол қауыз жарып көктер болса, өзгелерді зияндаумен бірге сол адамның өзін де құрдымға жібереді.

Ендеше, әйелдер қызғану психологиясын қалай жеңу керек?

1. Өзін дұрыс мөлшерлеу, дәрменіне қарай арманы болу. Кей әйелдердің өзіне қоятын талабы тым жоғары болады да, шынайы тұрмыс барсында арманына жете алмай қалатындықтан, рухани жақта тепе-теңсіздік туылады.

2. Өзінің артықшылығын тани білу. Достарыңыздың, қызметтестеріңіздің, туыстарыңыздың сіздің қайсы жақтарыңызды ұнататынын ойлаңыз. Бұл өзіңізді одан әрі кемелдендіре түсуіңізге пайдалы, әрі өзіңізде болған сенімділігіңізді арттырып, өзіңізді төмен санау ойынан арылтады.

3. Өзгелермен орынсыз бәсекелеспеу. Кей аруларымыз брендке айналған киім-кешек, үй жиһаздары арқылы айналасындағылармен бәсекелеседі. Әр адамның жағдайы алуан түрлі болады. Сондықтан көр соқырлықпен өзгелермен бәсекелескенде, өз тұрмысыңыз қиын жағдайда қалумен бірге, "досыңыз жоқ, дұшпаныңыз көп" сияқты қызғанышты көңіл-күйден арыла алмайсыз.

4. Көтеріңкі көңіл-күй арқылы қызғаншақтықты емдеу. Көңілділік - қызғаншақтықтың шипалы дәрісі. Ақ пейілмен, ақ көңілмен тұрмыстан шаттық іздеңіз. "Басқалардың шаттығымен салыстырғанда, менің бақытым неге тұрмақ?" дейтін болсаңыз, онда мәңгі қайғының қамауында қаласыз.

5. Өзін-өзі жұбата білу. Өзін-өзі жұбата білу психологиясы керенаулық, ақымақтық, күлкілі болып сезілгенінмен, ол рухани мазасыздықты жоюға, көңіл-күй тепе-теңдігін сақтап, қызғанышты күйден арылуда тамаша жағдай жасайды.

6. Атаққұмарлықтан сақтану. Жұрттың бәрі құр сәулеттің құлы болу тек жалған абырой екенін білсе де, аз ғана адамдар атаққұмарлықтан аулақ бола алады. Ағылшын ойшылдары "Атаққұмарлығы күшті адамда қызғаныш оңай әрі тез пайда болады" дейді. Атаққұмарлықтың ұмтылатыны - жалған абырой. Қызғаншақтар үшін айтқанда, олардың қол жеткізбекші болғаны - абырой, басқалардың өзінен асып түсуін қаламау. Атаққұмарлықты жеңе алсақ, қызғаншақтықтан да арылғанымыз болмақ.

7. Өзіңнен күштілерді басып озуға талпын. Қызғаншақтық кісіні кері сүйрейтін көңіл-күй, ол адамның өсіп жетілуіне кедергі болады. Өзгелердің өзіңнен әлдеқайда озық екенін сезгенде, табыс жақтағы онымен айырмашылықтың қайда екенін танып жету және ішкі күй жағынан серпіліп, сол озық адамнан үйрену арқылы белсенділікпен жарқын өмірге ұмтылып, өзіңнен зор адамнан асып түсуге болады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: xinli001.com

M. Auelkhan