Жігіттер сұлулардан қорқады

Жігіттер сұлулардан қорқады

Өзі сұлу, өзі жас арудан кім болса да дәмелі. "Қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз айтпайды" дейді. Бірақ ажарлы арудың артында сөзін сұрап жүгіріп жүрген жігіттердің көбі белгілі. Сондықтан оған көзі түсіп жүрген бөріктіміз де кейде жақын танысуға батылсыз келеді. Ер адамдар әйел сұлулығының құлына айналамыз деп неліктен қорқады екен? Түсіндіріп көрейік. 

  • Жігіттер сұлу ару бетін қайтарып тастар ме екен деп қорқады. 
  • Оған ұнамай қалам ба деп сан рет бас қатырады.

  • Жігіттер мұндай әдемі арудың міндетті түрде сүйіктісі болуы керек деп ұғады. Сондықтан оған танысу үшін жақын бара алмайды.
  • Жігіттер сұлу қызды қатты сүйіп қалатынын біледі. Бірақ қыз маған қарамай қояр деген оймен танысудан өзі-ақ бас тартады. Өйткені бұл ғашықтық оған жақсылық әкелмейді деп ойлайды. 

  • Жігіттер сұлу қыздармен достасып жүргенде басқа жігітті кездестірсе, еш жауапсыз өзін тастап кетеді деп қорқады. 
  • Қалталы емес қарапайым жігіттер сұлу қыздар тек байларды ғана ұнатады деп біледі. Сондықтан ажарлы арумен араласу үшін ең алдымен ақшам болу керек деп түсінеді. Әйтпесе қыздың қаржылық қажеттілігін өтей алмай жүрермін деп оған жақындауға қорқады. 
  • Көптеген жігіттердің ойынша, сұлу қыздар сүйе білмейді.
  • Жігіттер сұлу қыздар тек біреуге ғана бағынышты болғысы келмейді деп ойлайды. 
  • Жігіттер сұлу қызбен жүрсе, қызғаншақ келеді. Оған әр адам сұқтанып қарап, қыздың ойын бұза ма деп қорқады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

А. Әбілхан