Қаншалықты кедей екенімізді білдім...

Қаншалықты кедей екенімізді білдім...

Қала тұрмысы шынында да бай-бақытты ма?! Біз байлықты немен өлшейміз осы? Ақшамен бе? Бірақ бала жүрегіндегі байлық олай емес. 

Қалалық қалталы әке бірде ұлын ауылға апарыпты. Ондағы мақсат - ауылда қаншама кедей жандардың өмір сүретінін, адам өмірінің осылай алмағайып екенін ұғындыру еді. Сонымен ауылда біраз күн болып, қайтан ұлынан сұрапты:

- Ауыл адамдарының қандай тұрмыс өткізіп жүргенін көрдің бе?

- Иә.

- Көргеніңді айта ғой?

- Біздің үйде өмірі үлкеймейтін күшік бар. Ал олардың үлкен де айбарлы төрт иті бар. Біздің үйдің ауласында бассейін бар, ал олардың үлкен өзен, алып көлдері бар. Біздің аспанымызда үлкен шырақтар бар, ал олардың жұлдыздары бар. Біздің үйден тек көршінің үйіне дейін ғана ауламыз бар. Ал олардың шетсіз де шексіз көкжиектері бар. Әке, қаншалықты кедей, бейшара екенімізді түсіндім.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек