Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сен сөмкені қалай ұстайсың?

Сен сөмкені қалай ұстайсың?

Сен сөмкені қалай ұстайсың?

Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап, олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да өзіндік сыры бар екен.

Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен.

Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса, ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын жақсы біледі.

Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны. Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны сүймейтін жан.

Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан. Сөмкенің бауын қарына іліп алып, кеудесіне қысып ұстау – ешкімге сенбейтін күдікшіл қыздарға тән мінез. Сөмкені иыққа іліп алып, қолын төмен түсіріп жүретін адам – ұялшақ, өзіне сенбейтін именшек адам.

Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.

Сөмкені қолтығына қысып ұстау – ұялшақ, ұяң болып көрінгенімен, ешкімге тәуелсіз, байсалды нәзік жандарға тән.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: aliexpress.com 

5205 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 30 қаңтар 2013, 13:01
Пікірлер
+0
30 қаңтар 2013, 14:26

сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстайтындардың қатарынанмын :)

+0
30 қаңтар 2013, 14:34

смотря қандай сумка ұстайтынымызға қарай ғой)))

+0
30 қаңтар 2013, 17:33

соны айтам ау)))) Клатчты уысыңнан тастамай, құшақтап жүресің, мысалы))) Қазіргі сөмкемді қиғаштап іліп алам, яғни сол иығыма бауын (ручкасын), ал өзі оң жағымда жүреді)) Екі қолым бос, басымды қатырмаймын)))

+0
30 қаңтар 2013, 14:52

Мен туралы шын)

+0
30 қаңтар 2013, 21:43

хе, қыздар үнемі бір қалыпта ұстайды деп айта алмаймын. әр кез әр түрлі.

+0
30 қаңтар 2013, 22:35

Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді., біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.-менмін! :lol: :lol: :lol: :lol: кейбір мінездері маған келедіАл, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.деген сөздері дәл мен туралы! :D :D

+0
31 қаңтар 2013, 01:02

Маған айтылғаны дәл екен)

+0
01 ақпан 2013, 16:05

Сөмкемді ауыр-жеңілдігіне қарай әр түрлі ұстаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...