Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей

Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей

Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей

Ашуын жеңе алмайтын, сабырсыз жігітке әкесі бір қорап шеге беріп: «Балам, өз ашуыңа ие бола алмай, басқаларды ренжіткен кезіңде, мына шегеден біреуін алып, есікке қағып отыр» депті. Алғашқы күні-ақ әлгі жігіт 20 шеге қағып үлгеріпті. Өзінің бір күнде осынша көп ашу шақыратынын аңдаған жігіт келесі күннен бастап шеге қағу санын азайтатын болыпты. Уақыт өте келе мінезін тежей алатын болыпты. Ашуды ақылға бағындырудың тиімді екенін ұғына бастапты. Күн сайын қағылған шегелер де азая беріпті.

Бірде-бір шеге қақпаған күні әкесіне келіп: «Мен бүгін мүлде ашуланған жоқпын» деп ризашылығын білдіріпті. Әкесі: «Енді осылай ашуланбаған күндеріңде қағылған шегелерді бірден алып отыр» депті. Күндердің күнінде әлгі жігіт есіктегі бар шегені тазалап болыпты. Сол күні әкесі әлгі шеге қағылған есік алдына ұлын ертіп келіп: «Балам, жарайсың! Сен ашуыңды тежедің, ақылыңа бағындың. Алайда есікке қарашы, оның бетінде қаншама шегенің ізі қалғанын көрдің бе?! Сен ренжіткен адамдардың жүрегі де осы есік секілді. Одан қанша кешірім өтінсең де, жүрегінде дәл осындай із қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей. Алдағы ғұмырыңда сақ болғайсың» деп кеңес айтқан екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: akak.ru

3380 6
Рейтинг: +9

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 09:09
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 09:55

Бір ауыз жалғандығы жоқ. Жүрегіңе тиіп қалса, өзіңе де, өзгеге де жаман. Әсіресе, уайымшыл болып жаралсаң... :roll:

+0
29 қаңтар 2013, 10:01

Керемет мысал екен, менің есімде ұстайтын....

+0
29 қаңтар 2013, 11:06

менiн журегiмде тесiк-тесiк. :( канша адам ренжiттi,ренжулiмiн. Кешiрсемде журегiмде бiтелмей осындай тесiктер калды.

+0
29 қаңтар 2013, 12:21

ашу жаман, бундай ашумен кек алгандар жетерлик :|

+0
29 қаңтар 2013, 23:42

орынды айтылган кенес екен баласына

+0
31 қаңтар 2013, 11:44

тамаша кеңес.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...