Өмір сүруге кедергі – 30 әдет

Өмір сүруге кедергі – 30 әдет

Бұл әдеттің ешқайсысы да менде жоқ десеңіз – өтірік айтқаныңыз...

  • Өзіңе ұнамаса да, оған шыдап, табандылық таныту;
  • Құныңды түсіретін адамдармен байланысу;
  • Өзгелердің не айтатынын ойлау;
  • Бәрін де бақылауда ұстауға ұмтылу;
  • Өмірдің толқындарында жүзуде ең жеңіл жолды таңдау;
  • Пікір айтпай, іштен тыну;
  • Тәуекелге бара алмау;
  • Өзің туралы емес, өзгенің қамын бұрын ойлау;
  • Бәріне де жағуға тырысу;
  • Ата-ана мен жақын адамдарды ұмыту;
  • Бос уақытта үйден шықпай отыру;
  • Асығу, бәріне де асығыстық жасау;
  • Бәріне де өзіңді кінәлау;
  • Қателіктен қорқу;
  • «Қолымнан келмейді» деп, сәтсіздікке ұрыну;
  • Өзіңді өзгелермен салыстыру;
  • Өткенмен өмір сүру;
  • Тек болашақты ойлау;
  • Өмірге өкпе арту;
  • Ренішті іште сақтау;
  • Керексіз заттарды сатып алып, сақтап қою;
  • Әр ісі тек жеке жасау;
  • Идеал болуға тырысу;
  • Жауапкершілікті өзгеге арту;
  • Орындай алмайтын уәде беру;
  • Жамандық туралы ойлау;
  • Ұялу;
  • Қателікті қайталау;
  • Қызғану;
  • Көңілсіз, тұнжырап жүру. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: blogspot.com

А. Құлтай