Бір сәтте ақылды болғыңыз келсе...

Бір сәтте ақылды болғыңыз келсе...

Ми жұмысының жылдамдығын арттыруға және мәселелерді оңай шешуге көмектесетін 15 қулық.

Кофе мен темекі. Кофе мидың жұмыс істеу жылдамдығын арттырады, ал темекі адамды тапқыр да дәл қылады.

Ал темекі шекпейтіндерге кофе мен тоқаш нан көмектеседі. Себебі, глюкоза мен кофеин адамның зейінділігін арттырады.

Сағыз ойдың шоғырлануын кофеинге қарағанда күштірек жүзеге асырады. Дегенмен бұл эффект бар болғаны 20 минутқа ғана созылады.

Сурет салыңыздар, сызыңыздар. Егер бір мәселе жайында ойланумен қатар сурет салатын болсаңыз, бұл сіздің концентрацияңыз бен есте сақтау қабілетіңізді дамытады.

Ақылды адамдар  - атақты ғалым, кәсіпкерлер жайлы ойлаңыз. Ақылды адамдар жайлы ой жоғары өнімді еңбек уәждемесін беретін ассоциациялар (талантты, дарынды, данышпандық) береді. Әсер 15 минутқа созылады.

Ақымақтар жайлы ойланбаңыздар. Ол кері әсерін тигізеді.

Тілдесіңіз. Басқа адамдармен байланыс құрыңыз, жалғыздық сезімінің сізді басқаруына мүмкіндік бермеңіз. Жалғыздық тек когнитивтік қабілеттеріңізге кері әсерін тигізіп қана қоймай, өмірден ерте озуға да себепші. 

Жаттығу жасаңыз. 

Классикалық музыка тыңдаңыз. Басқа жанрдағы кез келген ән бейтарап әсер береді.

Қызыл түсті нәрселерден аулақ болыңыз. Қызыл түс қозуға апарып, ой шоғырлануын төмендетеді. Бір жағынан, командалық спорт түрлерінде аталған түс тиімді болып саналады. 8 ағылшын футбол клубының 1947-2002 жылдар тарихына анализ жасау кезінде қызыл түсті формада өнер көрсеткен командалардың басқаларға қарағанда жетістікке көбірек жеткені анықталған.

Фортепиано немесе скрипкада классикалық музыканы ойнауды үйреніңіз. Бұл бар болғаны бір ай ішінде  ақыл орамдылығының артуына алып келеді.

Жігіттер, айналаңызда әдемі қыздардың болмағанын қадағалаңыз. Тіпті олар туралы ойламауға тырысыңыз. Бірақ, бұл ереже қыздарға қатысты емес. 

Ұйқыңызды қандырыңыз. Әр адамға әр түрлі ұйқы ұзақтығы қажет. Ұйықтамайтын элитаға ұқсап бағудың қажеті жоқ.


Өзіңізге сеніңіз. Сенімнің де когнитивтік қабілеттерге тигізетін әсері мол. Тіпті жай ғана ақ халатты киіп жүргеннің өзі дәлдік пен зейінділік деңгейін жоғарылатады.

IQ-тесттеріне қатыспаңыздар. Тіпті интеллекті анықтайтын кез келген тесттерді жасамаңыздар. Өзіңнің олқылығыңды сезіну когнитвтік қабілеттердің төмендеуіне себепші болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: worth1000.com, jojo97.hiblogger.net, delusions.maininfo.biz

Ж. FM