Жұлдыз жорамал бойынша өзара дәл келетін 7 жұп

Жұлдыз жорамал бойынша өзара дәл келетін 7 жұп
Фото: www.1zoom.ru

Астрологтар ұзақ уақыт бойы бірге бақытты бола алатын жұлдызды одақтарды атады. Барлық белгілер бір-біріне мінсіз сәйкес келмейді. Сондықтан назар салыңыз.

7. Тоқты мен Суқұйғыш

Қалған 11 белгінің ішінен суқұйғыштар Тоқтымен жақсы тіл табысады, өйткені олар аса эмоционалды от белгісіне жататын Тоқты ашуланса, оны қалай тарату керегін біледі. Тоқтының шығармашылық белсенділігі ауа элементіне жататын Суқұйғыш белгісінің жол сілтеуімен дұрыс жолын табады. Ал, Суқұйғышқа қолдау қажет болғанда, Тоқты өзінің қолынан келетін барлық сүйіспеншілікпен құшағын ашады.

6. Торпақ пен Тауешкі

Жер белгісіне жататын екі жұлдыз керемет жұп құрайды, өйткені екеуі үшін тұрақтылықтан маңызды ештеңе жоқ. Тауешкі кестелерге, жоспарларға, мақсаттарға ұмтылады және өз амбицияларын түсінетіндерді бағалайды. Торпақтар бірқалыпты әрекет етеді және жайлылықты жақсы көреді, мезгіл-мезгіл Тауешкіге демалу қажеттілігін еске салады. Екеуі де практикалық, жауапты, ақылға қонымды идеялармен бөліседі және бір-бірін қолдап, бірге ұмтылатын мақсаттарға сенеді.

5. Егіздер мен Таразы

Екі белгі де ауа категориясына жатады, бұл олардың сөзшеңдігі мен жоғары интеллектуалдық талаптарын түсіндіреді. Олар бір-бірінен ешқашан жалықпайды және әрқашан талқылайтын тақырып тауып отырады. Өткір тілді Егіздер жанжалдар мен дауларды жақсы көреді, бірақ ақылды Таразы ең қиын ыңғайсыз жағдайларды дипломатиялық жолмен қалай шешуге болатынын біледі. Егіздер де, Таразылар да бір орында тұрмайды, олар жаңа білімге тартылады және оны серіктесімен бөлісуге қуанышты, бір-бірін мақсаттарға жетуге ынталандырады. 

4. Арыстан мен Таразы

«Қарама-қарсылар тартылады» қарапайым парадигмасының жарқын мысалы. Арыстан – от белгісі, өзіне сенімді қорғаушы. Таразы – ауа элементі, теңдестірілген белгі, тыныш, бейбіт, ынтымақтастық және бейтараптықты сүйеді. Арыстандардың қыңырлығына жол бермей, өз орнында берік ұстап тұруға дайын адам қажет. Сонымен қатар, егер серіктестің идеялары ортақ перспективаларға қауіп төндірмейтін болса, Таразы Арыстанның көшбасшылыққа деген құштарлығына көнеді.

3. Шаян мен Тоқты

Қарама-қайшылықтардың тағы бір сәтті одағы. Тоқты элементі – от, ол тәуелсіз, импульсивті, жігерлі. Шаян элементі – су, бұл белгіге ойшылдық, сезімталдық және шексіз жанашырлық қабілеті тән. Олар бірігіп, бірін-бірі толықтырып, психологиялық әлсіздіктерді бірге жеңе отырып, үйлесімді тандем құрайды. Батыл Тоқты Шаянға сенімділік береді және ол оған жанашырлық пен эмоционалды ашықтықты үйретеді.

2. Мерген мен Арыстан

Екі от белгісінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Әрине, нағыз лапылдаған сезім! Екеуі де импульсивті және осы сәтпен өмір сүреді, артқа қарап мұғаюды, болашаққа алаңдауды ұнатпайды. Арыстанға да, Мергенге де жұлдыздар күшті мінез бен бәсекеге қабілеттілік берген. Шынайы махаббат екеуінің табыстарын еселеу үшін қуат болады. Олардың арасында кейде ұшқын өтеді, бірақ жеңе білсе, өзара сенімді жұп құруға қауқарлы. 

1. Балықтар мен Шаян

Бұл жұп су элементінен тараған. Екеуі де жұмсақ, өте сезімтал және бір-бірін жақсы түсінеді. Балықтар  басты романтиктер болғандықтан назардың жетіспеушілігінен оңай ренжиді, бірақ сезімтал Шаян серіктесінің көңіл-күйін болжай алады және уақытында  көңіл бөледі. Бұл жұптың үйлесімділігі бірінші орынға лайық.

А. Оралқызы