"Көңілім қалды": Отбасылық өмірден мыналарды күтпеңіз

"Көңілім қалды": Отбасылық өмірден мыналарды күтпеңіз
Фото: Wedding Dreamz, unsplash.com

Отбасы құрғанда өз көзқарастары мен үміттері бар екі адам қосылады. Отбасылық өмір олар ойлағандай бола бермейді, кейде олардың үміттері ақталмай жатады. Көңіліңіз қалмас үшін отбасылық өмірден не күтпеу керек?

"Ол менің бақытым үшін жауапты"

Өзіңіздің бақытыңыз үшін жауапкершілікті тек серігіңіздің мойнына іліп қоймаңыз. Ода сіздің қажеттіліктеріңізді немесе үміттеріңізді қанағаттандыратын мүмкіндік әркез бола бермейді. Бақыт — көбіне өзіңізге байланысты болатын эмоция. Ол әдеттерден, әлемге деген көзқарасыңыздан және айналаңыздағы жақсы нәрселерді байқай алудан қалыптасады. Сізді бақытты ететін басқа да нәрселер табу маңызды: хобби, жаныңызға жақын жұмыс, жағымды ұсақ-түйектер.

"Ол мені әркез түсінуі керек"

Өкінішке орай, серігіңіз қатты тырысса да, сізді әркез 100% түсіне бермейді. Мысалы, ер адам әйелдердің жүктілік кезіндегі сезімдерін түсінбейді. Себебі ол физиологиялық тұрғыда мүмкін емес. Әрине, мұнымен оның осындай қиын кезеңде сізге қолдау көрсетпеуі дұрыс дегіміз келіп тұрған жоқ. Тек кей сұрақтарда мінсіз түсінікке жету мүмкін емесіне дайын болу маңызды екенін жеткізгіміз келеді.

"Ол достарынан бас тартады"

Кей жұптар некеге отырғаннан кейін серігі кей достарынан бас тартуы керек немесе оларға өте аз уақыт бөлу керек деп санайды. Алайда дұрыс қарым-қатынаста серігінің достық қатынастары мен қызығушылықтары да махаббат секілді маңызды. Ешкім серігі мен жақын достары арасында таңдау жасағысы келмейді. Оған қоса, адамның жеке кеңістігі болса, ол берік әрі сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

"Ол өзгереді"

Серігіңіздің өзіне тән мінез-құлқы мен нақты әдеттері бар. Сізге оның кейбіреулері ұнамауы мүмкін. Бірақ отбасы құрсаңыз, оны өзгертіп алу оңай болады деп өзіңізді жұбатпаңыз. Әр адам өзі қаласа ған өзгере алады. Оған қоса, серігіңізді өзгерткіңіз келуі өз таңдауыңызға деген сенімсіздікті көрсетеді.

"Біздің пікірлеріміз бен көзқарастарымыз үнемі бір жерден шығады"

Сіз кешкісін фильм қарағыңыз келсе, ол тыныш жерде кітап оқып отырғысы келуі мүмкін. Бос уақытты қалай өткізу жайлы пікірлеріңіз әркез бір жерден шықпауы мүмкін. Бұл басқа да сәттерге байланысты: саяси көзқарастар, талғам, тәрбиелеу әдістері. Бірақ айырмашылықтардың болуы екеуіңіздің бір-бірлеріңізге келмейтіндігіңізді білдірмейді. Мұндай айырмашылықтар ерлі-зайыптыларды қызықты әрі бірегей жеке тұлға етеді. Бірақ ортақ құндылықтарды табу маңызды.

А. Жапатова