Қолайсыз сәттер

Қолайсыз сәттер

Өмірде әрқайсысымыз жиі болмаса да, кейде қолайсыз жағдайларға душар болып жатамыз. Мұндай сәттер көбіне өзіміздің селқостығымыздан немесе басқа біреулердің кесірінен туындайды. Кейде тіпті жағдайдың өзі себепші болатын кездер де бар.

Автобуста. Терлегенің соншалық киген көйлегің шылқылдаған су. Ал сен түсетін аялдама әлі алыс.

Сөйлесіп тұрған адамның атын ұмытып қалу.

Көп көріспеген достарыңмен қыдырып үйге түнгі сағат 4-терде ұрланып кіріп, есікті енді жаба бергенде, артыңнан "қайда жүрсің" деген әкеңнің сөзін естісең.

Бала кезде болатын оқиға. Әке-шешеңмен теледидар көріп жатып, анаңның «көздеріңді жұмыңдар» деген сөзі.

Жақын достарыңның бәрі шақырылған тойға шақыру алмау

Көшеде жүріп келе жатып, шалбарыңның ауы жыртылып қалса.

Біреуді жамандап жатқан кезде, сол адам келіп, сенің сөзіңді естіп тұрса. Ал сен оның келгенін байқамадың да.

Қоғамдық көліктен түсер кезде ғана, ақшаң мен жол жүру билетінің үйде қалып қойғаны есіңе түссе.

Фитнес клубта киім ауыстыратын бөлмеге кірген кезде тыр жалаңаш біреуді көрсең.

Саған біреу қоңырау шалды делік. Сен оны жақын досың – Арман екен деп қал-жағдай сұрасып, 3-4 минут әңгімелесіп болғаннан соң бірақ, оның мүлдем басқа біреу екенін білсең.

Алыстан таныс кісіні көріп, оған сәлем бергендей болып қол бұлғадың делік. Сөйтсең әлгі «танысың» мүлдем танымайтын адам болып шықса.

Мүлдем танымайтын ұжымдағы алғашқы жұмыс күнің.

Супермаркет кассасында сатып алған заттың құнын төлеуге ақша жетпей қалса.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: saserkalie.com

Ж. FM