Сапаcыз адам немесе кім кінәлі?

Сапаcыз адам немесе кім кінәлі?

Бірде полиция қызметкерлері көшенің ортасында телефон тонаушысын қоршауға алады. Әлгі тонаушы: «Жақындамаңдар маған! Жақын келсеңдер, мына телефонды жер ұрып сындырамын!» айғайлап тұр екен. Сол сәтте телефонның иесі 20 жастар шамасындағы қыз: «Телефонымды сындырмасыншы, өтінем, алып беріңіздерші! Оның ішінде өте маңызды номерлер және жігітімнің жазған хаттары мен үй-ішіміздегілердің суреттері бар!» деп сақшыларға жалбарына бастайды. Сол кезде полиция қызметкерлерінің бірі: «Егер қалтафоныңызды сындырып жіберсе, біз оны ұстағаннан кейін сізге төлем жасатқызамыз, жаңа телефон алғызып аласыз» деп басу айта бастайды. Сонда қыздың көзі жанып кетіп, тонаушыға қарап: «Сындыр қане, сосын маған жаңа телефон алып бер» дейді. Оны естіген тонаушы таң қалады. Телефонды жерге қойып, өзі тізерлеп тәртіп сақшыларына мойынұсынады. Қыз келіп, оның кеудесін түйіп-түйіп жібереді: «Сындырамын деп тұрғанда сындырсаң болмай ма?!» Сонда ашуға булыққан тонаушы: «Мен бұл өмірімде сен сияқты адамды көрмеппін, сен неткен сапасыз адам едің!» деп айғайлаған екен.

Кейін ол телефон ұрлау себебін қыздың телефон әпермесең, мектепке бармаймын деуінен туындағанын айтқан. Кім кінәлі?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mail.ru

M. Auelkhan