Неліктен кей адамдар өз жасынан үлкен көрінеді?

Неліктен кей адамдар өз жасынан үлкен көрінеді?
Фото: Caroline Veronez, Unsplash.com

Кей адамдар өз жасынан үлкен көрінеді. Бұл тек генетикаға байланысты емес. Біздің әдеттеріміз бен қалауларымыз біздің қалай көрінетінімізге тікелей әсер етеді. Адамдардың өз жасынан үлкен көрінуінің бірнеше кең тараған себептерін ұсынамыз.

Ұйқының жетіспеуі

Ұйқы кезінде мидан бастап теріге дейінгі ағзаның түрлі жүйелері жаңарады және қалпына келеді. Егер аз ұйықтасаңыз, ол сырт келбетке әсер береді. Clinical and Experimental Dermatology сайтында жарияланған американдық зерттеу бойынша, ұйқысы қанған әйелдердің тері барьері ұйқысы нашар әйелдерге қарағанда 30%-ға жақсы қалпына келеді. Сондай-ақ жеткілікті мөлшерде ұйықтағандардың жасқа байланысты өзгерістері азырақ білінген.

Сондай-ақ ұйықтағанда қалай жататыныңызда сырт келбетіңізге әсер етеді. Ішпен ұйықтау әжім пайда болуына ықпал етеді. Жастыққа жібек қап алған дұрыс, ал қалған материалдар бет терісін зақымдауы мүмкін.

Ішімдікке салыну

Алкоголь ағзаны сусыздандырады, ал ылғалдандыру — бет жастығының және балғындығының басты кепілі. Алкогольді сусындар да А дәруменінің деңгейін төмендетеді. Ал А дәрумені — жасушалардың жаңаруына ықпал ететін антиоксиданттар.

Сондай-ақ алкоголь қанағымды арттырады, беттегі қан тамырлардың кеңеюін немесе үзілуін шақырады. Бұл өз кезегінде бетте қызыл дақтардың немесе қауіпті аурулардың пайда болуына әкеледі.

Күннен қорғайтын құрал қолданбау

Күннің астында ұзақ және жиі болу теріге зиян. Соның себебінен өз жасыңыздан үлкен көрінесіз. Уақыт өте ультракүлгін сәулелер жағымсыз салдарларға — фотоқартаюға әкеледі. Бұл жағдайда тері құрғап, онда ұсақ әжімдер пайда болады. Бұл коллаген мөлшерінің азаюымен байланысты. Коллаген теріміз ылғал, серпімді және тегіс болуы үшін қажет.

Сондықтан міндетте түрде, тіпті, қыста да күннен қорғайтын құрал қолданыңыз.

Темекі тарту

2013 жылы АҚШ-та өткізілген зерттеу бойынша, темекі тарту адамдардың өз жасынан үлкен көрінуіне себепші екені анықталған. Тәжірибеге 79 біржұмыртқалық егіз қатысқан. Олардың біреуі осы зиянды әдетке берілсе, екіншісі одан алшақ болған. Нәтижесінде, темекі тартқан адамның бетіндегі әжімі мен ерін айналасындағы сызықтары темекі тартпайтын егізіне қарағанда тереңірек болған. Бұл оны егізіне қарағанда үлкендеу етіп көрсеткен.

Ғалымдар темекі тарту кезінде үнемі қан тамырлар тарылатындықтан, ол терінің қартаю процесін жылдамдататынын айтады. Ол теріге оттек, дәрумендер және қоректік заттар келуін шектейді. Сондай-ақ темекі түтінінде болатын косерванттар тері тегістігі мен серпімділігіне жауап беретін коллаген мен эластинді әлсіретеді.

Салмақпен байланысты проблемалар

Салмақтың аз болуы да, көп болуы да адамның денсаулығына және сырт келбетіне жағымсыз әсер етеді. Қалыпты салмағын ұстап тұратын адамдарға қарағанда ұлғайған жаста салмағында қатты өзгерістер болғандарда қартаю белгілері анығырақ көрініп тұрады.

Ағзадағы майдың қолайлы мөлшері визуалды түрде әжімді тегістейді және басқа да жас өзгерістерін жасырады.

Бірден салмақ қосып алу немесе арықтап кету терінің өз иілгіштігін жоғалтуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда әжім жылдам түзіледі.

Қантты көп жеу

Коллаген мен эластин — бұл теріні иілгіш және жас ететін екі қосылыс. Қант ағзаға көп мөлшерде түссе, осы қосылыстарды бұзады.

Күйзеліс

Күйзеліс түрлі себептерге байланысты пайда болады және оған көптеген адамдар шалдығады. Жиі күйзеліске шалдығу көптеген салдарларға, соның ішінде жасыңыздан үлкен көрінуіңізге әсер етеді.

А. Жапатова