Қарым-қатынасты бұзатын сөздер

Қарым-қатынасты бұзатын сөздер
Фото: freepik.com

Бөтен адамдарға қарағанда жақын адамдарға ойымызға келгенді айтып, кейде артық кетеміз. Бір жағынан жақсы, өйткені өз ойымызбен бөлісеміз. Бірақ кейде айтылған сөздер жанды жаралап, қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. Төменде көрсетілген сөздерді жиі қолданудан сақ болыңыз.

1. "Ұсақ-түйек нәрсе ғой» немесе «өтеді, кетеді"
Әрине, бұл сөздерді жұбату мақсатында жиі айтады қолданады. Жолдасыңызға бұл сөзді есту оңай болмайды, өйткені осылайша сіз оның сезімін құнсыздандырып, бәріне қол сілтегендей боласыз. Әсіресе, бұл сөздерден кейін олар өзін ақымақ сезініп, сізбен ойымен бөліскеніне өкініп қалады. 

2. "Әкең сияқтысың"
Анаңның, бауырыңның не басқа да туыстарға ұқсастыру әдетте нашар қылықтарын көрген кезде айтылады. Шындық болса да, бұл салыстыру, одан бөлек сол арқылы жолдасыңыздың әлсіз тұсын біле тұрып, әдейі істеу. Оның үстіне жаман мінезін өзіне жақын адамдардың бірімен байланыстырғанды бәрі жақсы көре бермейді.

3. "Сен әрдайым…" немесе "Сен ешқашан…"
Бұндай сөздер арқылы жолдасыңыздың бүкіл істегенін жоққа шығарасыз. Ол сізге айтпаса да жақсы болу үшін тырысып жүруі мүмкін. Бірақ бұндай сөздермен сіз оның істегенін көрмейтініңізді, тек жағымсыз сәттерді есте сақтайтыныңызды көрсетесіз. "Сен әрдайым телефонмен отырасың" деудің орнына, өзіңіздің сол жағдайда не сезетініңізді айтып көріңіз. 

4. "Мен шаршадым, айырылысайық"
Ашумен, өкпе-ренішпен айтылған осы сөздер эмоция тарқағаннан кейін де есте қалады. Бір-біріне ашулану қалыпты нәрсе. Бірақ ауыр сөздер айту — бұрыс шешім. Басында жолдасыңыз қорқуы мүмкін. Артынан бұл сөзге де үйреніп, кейін өзін айырылсу қалыпты нәрсе дегенге сендіре бастайды. 

5. "Жаныңа тым жақын қабылдайсың"
Жолдасыңыздың көңіл-күйі жоқ кезде "жаныңа бәрін жақын қабылдайсың" деп тағы бір соққы жасаймыз. Осылайша оны мәселені шешуге қауқарсыз әлсіз адам деп көрсетеміз. Тым сезімтал адамдар болатыны рас. Бірақ оны бетке баса беруге болмайды. Керісінше "не болса да, бірге көреміз" деу арқылы оған қолдау білдірген абзал.

Т. Есқали