Тауешкі+Торпақ: Бір-біріне күшті келетін жұлдыз белгілері
Фото: unsplash.com

Тауешкі+Торпақ: Бір-біріне күшті келетін жұлдыз белгілері

Мінсіз серікті қалай табуға болады? Бір-бірімен үйлесімді жұлдыз белгілер тізімінде барсыз ба, тексеріп көріңіз.

Суқұйғыш+Егіздер

Суқұйғыш және Егіздер белгісімен туылған адамдардың шығармашылық қасиеттері ұқсайды. Романтикалық қарым-қатынаста бұл жұлдыз белгісі өкілдері бір-бірін жақсы толықтырады. Олар бірге керемет нәтижелерге жете алады. Суқұйғыш пен Егіздер екінші жартысының әлемін күлкімен және әзілмен жарықтандырып қана қоймай, таңдауының жеке кеңстігі мен ерекшелігін құрметтейді.

Тоқты+Мерген

Жаңа нәрсені көргісі келетін және жарқын мінездерімен ерекшеленетін Тоқтылар мен Мергендер бір-біріне арналғандай. Бұл екі жұлдыз белгісі де жағдайларға немесе шектеулерге ұзақ уақыт байлаулы болғанды жек көреді. Сондай-ақ олар өздеріне ұнамайтын нәрселерді жасағысы келмейді. Сондықтан Тоқты мен Мерген романтикалық қатынаста әрқашан әркімнің жеке кеңістігі болуына жауапты қарайды. Бұл екі жұлдыз белгісі бірге болған кезде олар көп көңіл көтереді.

Тауешкі+Торпақ

Тауешкілер өз кестесі мен жоспарларына берік. Олар жұмыс міндеттеріне жауаппен қарайды, сондықтан Тауешкі оның мақсаттары мен амбицияларын түсінетін серік іздейді. Бұл жағынан Торпақ Тауешкілерге қатты ұқсайды: жер стихиясының өкілдері жайлылыққа ұмтылады және кәсіби де, жеке де өміріне берік. Бұл екі жұлдыз белгісінен өте жақсы жұп шығады, себебі олардың екеуі де тұрақты және қауіпсіз қатынасты бірінші кезекке қояды.

Шаян+Балықтар

Шаяндар мен Балықтар романтикалық қатынасқа келгенде үлгілі жұп бола алады, себебі оларда — жұлдыз белгілері бойынша махаббаттағы ең жақсы үйлесімділік. Бұл жұлдыз белгісі өкілдері бір-бірін жақсы толықтырып, ашады. Шаян махаббатты нәзік сезіне алады және серігінің өзіне деген кішкентай болсын назарын бағалайды. Ал Балықтардың махаббат бере алатын қабілеті бар. Сондықтан да бұл жұлдыз белгілерінің махаббатында осындай тепе-теңдік  бар.

Таразы+Егіздер

Бұл жұлдыз белгілері бірге бір-бірінің тұлғалық дамуына көмектеседі, серігіне мақсаттарына жетуіне және армандарын орындауға мотивация береді. Романтикалық қатынастан бөлек Таразылар мен Егіздер эмпатия және қызығушылық деңгейінде де үйлесімді. Олар екінші жартысының әрдайым жақсы көңіл күйде, жайлылықта және молшылықта өмір сүргенін қалайды.

А. Жапатова