Өміріңіз өкінішсіз өтіп жатыр ма?

Өміріңіз өкінішсіз өтіп жатыр ма?

Соңғы уақытта түсінгенім, біз тіршілік көшімен бірге ілесеміз деп, кейін өкінетін жағдайларға мән бермей өтеміз. Тапырақтай жөнеліп, әйтеуір бір ел-жұрттан қалмас әрекетке барамыз. Алдағы арман-мақсаттарымыз жайында қалған. Есіңізге түсіріңізші, жұмыстан қашан уақытында қайттыңыз, қай демалыс уақытында шын мәнінде демала алдыңыз? Ойлануға тұрарлықтай дүние ме?

Бұл жазба өмірден кетуіне бір-ақ қадам қалған жандардың өкінішінен құралған. Сіз білмеуіңіз мүмкін, бірақ дәрігерлер өлімге жазған науқастар мен қарттардың жағдайын жақсарту ісімен, көңіл-күйін көтерумен айналысатын арнайы маман бар. Өлім құшқан, құшатын жандармен бірге өткізген әрбір сәттердің қаріп боп қауым көзіне қасіретті елестететін ұлы өкініштер мыналар екен...   

1. Өзімнің емес, өзгенің менен күткен өмір салтымен өмір сүргеніме өкінемін...

Бұл өкініш қартайып, қайтыс болар алдында айтылатын ең көп сөздің бірі. Өмірді өткерген адам өткеніне қарап, қандай арман-мақсаттары орындалмай қалып кеткенін оңай-ақ көре алады. Ең бірінші уайым – денсаулық. Адам денсаулықтан айрылған соң ғана оның қадірін білмек...

2. Мен көп уақытымды жұмыс жасауға арнағаным үшін өкінемін...

Бұл өкініш ер науқастардың негізгі сөзі болған. Күн көру үшін, тамақ табу үшін сергелдең болған күндері үшін өкінетінін ерлер қауымы айтса, әйел адамдар өзінің әрбір майдалығы үшін қиғылық салғанына өкінеді екен.

3. Өзімнің сезімімді жеткізуге батылдығымның болмағанына өкінемін...

Көп адам қарым-қатынасты дұрыс құрмағанына, ойын ашық жеткізе алмағаны үшін өкінеді. Өмірін қысқартқан дерттің көбі ашу, ыза, кек секілді жаман ойлардан болғанын түсінгендер де аз емес. Адам жаманнан жиреніп, жақсы оймен өмір сүру керек.

4. Кіммен араласып, кіммен араласпау керектігін білмегенім үшін өкінемін.

Адам өзінің шын мәніндегі айнымас досын іздемегеніне өкінген. Егер белгілі бір досын соңғы рет көріп тұрғанын білсе, әрбір пенде оның барлық жақсылығын біліп, қимастық сезімде болар еді. Өлер алдында адам достарын сағынғанын айтып, оларды көргісі келген. Адам ақшаға да, әлеуметтік статусқа да ұмтылады. Бұл мүдденің қасында дос, туысқан, бауыр секілді ұғым мәнін жоғалтуы мүмкін. Бірақ ақтық сапарда ақша мен байлық құр күйбеңнің әуресі екені белгілі болады.

5. Өзімнің бақытты болуыма қадам жасамағаныма өкінемін...

Барлық адам дәл осы өкінішті айтып шыққан. Олар ғұмырында бақытқа жету үшін кішкене ғана тер төксе жетуге болатынын түсінбеген. Сол бір аз ғана сынақты өте алмағандықтан, өмірінің ең басты өкінішіне балау ең көп таралған уайым болып шықты.  

Оқыдыңыз ба, ойланып көріңіз: маңызды бір жағдайды өткізіп алған жоқсыз ба?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

А. Құлтай