Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қырсық мінездің қырық бірінші қыры

Қырсық мінездің қырық бірінші қыры

Қырсық мінездің қырық бірінші қыры

Таң құланиектеп атып, қызыл жалқынданып батып жатқан жапан түзде екі атты адам келе жатады. Оның бірі соқыр, бірі саңырау екен. Күні бойы дамыл алмай бүлкек жүрістен шаршаған олар, кеш бата құмдауыт аңғарлардың ығына қона кетеді. Таң атқанда соқыр кісі қамшысын іздей бастайды. Ары іздейді, бері іздейді. Таппайды. Сексеуіл түбінде жатқан жыланды қамшысы екен деп қолына ала бергенде, жолдасы: «Бауырым, қолыңдағы қамшы емес, улы жылан. Таста оны. Күн көзі қызғанда шағып өлтіреді ол сені» дейді. Соқыр кісі ішінен: «Бұл сұм менің атқа жайлы қамшыма көзі түскен екен ғой, дәмеңді...» деп бір ойлады да: «Біз елде жүрміз, бұл қамшыны біз жеті атамыздан бері қарай ұстап келеміз. Сенің екі ауыз сөзіңе сеніп, лақтырайын ба сонда?» деп шырт ете қалды да, кері айналды.

- Серігім, ысқырып атқан аңда жазық жоқ деген, мен ескерттім, – деп басын шайқап ол да кетті айналды.

- Білем, қамшыға қарап аузыңның суы құрып бара жатыр ғой. Мен саған оңайлықпен алдана қоймаспын. Құр қиялыңды қой.

Соқырдың жолдасы енді ант-су ішіп ақталғысы келмеді. Күн көзі ысып, құм беті жалқындана бастаған жыланның бойына жан кіріп, ат үстіндегі кісіні шақты. Удан тіл тартпай кетті.

Мінездің кері кеткен сиқы көкірек көзді де, маңдайдағы көзді де шелге көмеді. Қасіретке жетелейді. Қазақ жұртының қанына сіңген бұл әдет ел мен елді жауластырып, ұлыстарды қырқыстырып қойған. Ханына қырсыққан батыры, қарашасына қырсығып, мінез көрсеткісі келген ханы елінен кетіп, туып-өскен белінен кетіп пайда тапқаны жоқ. Қырсық мінез улы жылан сияқты, басқаларға айдан анық көрініп тұрады, ал сізге атадан қалған жәдігердей, оны тастау – намыс сияқтануы әбден мүмкін. Қырсықпаңыз, қырсықтың қырық бірінші қыры сізді жылан болып шағады.

Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: oyu.kz

4596 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 15:28
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 16:53

рас...

+0
14 қаңтар 2013, 17:01

"Мына қыз қырсық-ей" деген сайын қырсыға түсесің ғой кейде ) Сол ғой ең құртатыны. Бәрінің шегі болуы керек, әлбетте. Қырсықтықтың да... :roll:

+0
14 қаңтар 2013, 18:00

саңырау адам соқырдың айтқанын қалай естиді. Логикалық қателіктерге жол бермеңіздер

+0
14 қаңтар 2013, 22:46

Кейде қырсықтығымнан өкініп қалып жатам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...