Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мен қартайғанда...

Мен қартайғанда...

Мен қартайғанда...

Балам, мен қартайған шағымда дәл қазіргі кезіме мүлдем ұқсамай қаламын. Дәл сол сәтте мені дұрыс түсіне біл. Менің әкем де солай болған. Мен жөнінде қашан да сабырлы болуыңды тілеймін.

Тамақ жегенімде қалдықтарын абайсызда киімдеріме шашыратып алсам, ашулана көрме. Шақай бауымды байлауды ұмытып кетсем, кезінде байлауды саған қалай сабырлықпен үйреткенімді есіңе ал.

Бұрын көп тыңдап жалыққан сөздерімді қайталап айта берсем, сөзімді бөлмей сабырлықпен тыңда. Бала күніңде саған бір айтқан ертегіні мың қайталап айтып беруден жалықпайтынмын.

Жуындырып қоюыңа мұқтаж болғанымда мені кінәлама. Мен сені ес білгенге дейін шомылдырғанмын.

Жаңа ғылым-техника тетіктерінен, қоғамда болып жатқан жаңалықтардан хабарсыз қалсам, мені мазақтап күлме. Бала кезіңде сен сұраған «не үшіндерді» жалықпай түсіндірген сәттерімді есіңе ал.

Қол-аяғымнан әл кетіп, жүруге шамам келмей қалған сәттерімде, өзіңнің қаз-қаз басқан күндеріңді есіңе ал. Мені демеп жүр.

Кенет әңгімелесіп отырып, әңгіме тақырыбын ұмытып қалсам, маған кейіме. Орныңнан тұрып кетпей, есіме түсіруге орай бер. Ең бастысы әңгіме мазмұны маңызды емес, сенің қасымда ұзақ отырғаның қымбат маған. Мен соған ғана ризамын.

Күннен-күнге қартайып бара жатқаныма қарап, мүсіркей көрме. Қолдап-қуатта. Сенің тіршілік жолың енді басталған сәттеріңде қалай желеп-жебегенімді ұмытпа.

Кезінде өмір сүрудің жолын саған өзім нұсқап ем. Енді менің соңғы сапарымды сәтті тәмәмдауыма қолғабыс ет. Сен маған мейірім мен сабырлығыңды сыйласаң болғаны, саған ғұмыр бойы ризамын, балам!

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: dervishv.livejournal.com, obozrevatel.com

2489 6
Рейтинг: +8

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 қаңтар 2013, 18:00
Пікірлер
+0
12 қаңтар 2013, 18:54

Тамаша жазба! бір сәт тәубаға келіп, ой жинайсың, рахмет!

+0
12 қаңтар 2013, 19:22

"таңертең неге, кеше неге өйттім екен, қап-ай..." деп өкініп қалатындай екен оқып отырып...

+0
12 қаңтар 2013, 21:25

ойландырды

+0
12 қаңтар 2013, 21:32

Ой салды. Күнделікті өмірде қарттар өмірімен санаса береміз бе? Көпшілікті ойландыратын тақырыптарың көп болғай!

+0
13 қаңтар 2013, 00:54

жарайды, өйтпеймін, әке! :(

+0
13 қаңтар 2013, 08:43

Ехххх. Әр сәтте есте болатын ақылдар екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...