Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ой орамының торлары

Ой орамының торлары

Ой орамының торлары

Адам ой үстінде жүреді. Бірақ, сіз нені ойлайсыз? Сіздің ойыңыз нақты ма? Шынайы ма? Дұрыс па? Мысалға, өрмекші торына бір жәндік түсіп қалуы мүмкін. Жәндік қауіп ішінде қалды, ол өзін мүлдем құтқара алмайды. Ал, адам осы тектес қиындықтардың бәрін шеше алады және шешуге талпынатын рухани күйді сақтайды. Біз қоршаған ортаның өз жүрегімізге тор жаюының алдын ала аламыз және осы торды жоя аламыз. Дегенмен, адамдар дәл осындай торларға түсіп қалғанда, бұл жағдайдан құтылудың жолын үнемі таппай немесе еркіндікке барар жолды үнемі шатастырып жатады.

Ой сарабына салып көрсек, бұл адасуға мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін:

  1. Түсіңкі және бей-жай, марғау көңіл-күй немесе теріс көзқарас.
  2. Үнемі басқалардың кемшіліктеріне ғана назар аударады.
  3. Өз маңындағы адамдардың немесе достарының ақыл-кеңесі мен пікірлерін теріс түсінеді және осы сөздерді қабылдай алмайды.
  4. Жалған кейіп танытып, соңынан жалған нәтижеге ие болады.
  5. Шектеулілік сипаты басым дүниелерді өз істерінің алғышарты немесе негізгі мазмұны деп ойлайды.
  6. Басқаларды пісіп-жетілмеген идеяларға зорлайды.
  7. Арам ой мен әдет.
  8. Өзіндегі ішкі күшке, потенциалға сенімсіздікпен қарайды.

Әрине, Мағжан бабамыз: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» деп сенім артқан жастардың бүгінгі болмысын бір ғана сөзбен әйгілеуге келмес. Дегенмен, нарық заманындағы адам жанына түскен ауырлықтар үнемі жүрекке өрмекшінің торы тектес дүниелерді қаптатып, өршітіп жібереді. Сіздің түсіңкі рухыңыз қаншалықты көпке жалғасқан сайын өрмекші торы соншама бекем, мықты құрылады да, оны бұзу оңайға соқпайды. Бұл үрдіс жаман әдеттер мен жалқаулыққа әкеліп соққасын, жанның серпілуі мүлдем қиынға соғады.

P.S: Сіздің белсенді ұстанымыңыз сіздің ойыңызды белгілейді, ал, сіздің ойыңыз – сіздің тағдырыңыз.

 

Авторы: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

2158 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 14:29
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 14:26

Өте жақсы мақала, дұрыс айтылған!

+0
11 қаңтар 2013, 15:10

ой түбі терең ғой, түсіп кетсең шығу қиын. Ойсыз да жүруге болмайды...

+0
11 қаңтар 2013, 17:48

мен сондаймын :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...