Ешқашан жалықтырмайтын әйелге тән 5 қасиет

Ешқашан жалықтырмайтын әйелге тән 5 қасиет
Фото: © REUTERS

Ер адамдар қоштасқысы келмейтін әйелдердің ерекшелігі неде? Осы қасиеттердің қайсысы сізде бар екенін және қалғандарын қалай дамыту керегін біліңіз.

ӨЗІНЕ ИРОНИЯМЕН ҚАРАУ ЖӘНЕ ӘЗІЛДЕЙ БІЛУІ

Әзілдей білу сізді ашық, жағымды және позитивті адам ретінде көрсетеді. Ал өзіне ирониямен қарай алу тек ер адамдарға ғана жағып қоймай, сонымен қатар ішкі комплекстеріңізге қарсы күресуге көмектеседі. Əзілдеп айтылған əр сөзге ренжитін əйелдер əрдайым өзіне сенімсіз адамдардай көрінеді. Сонымен қатар, әзіл бірінші кездесуде де, болашақ өмірде де қарым-қатынаста көп көмектеседі.

ҚАТЕЛІКТЕРІН МОЙЫНДАУ

Өз қатесін мойындай білетін адам кез келген кісіге жақсы әсер қалдырады. Біз бәріміз адамбыз және қателесуіміз мүмкін, бастысы оны мойындауға күш табу. Есіңізде болсын, бұл әлсіздіктің белгісі емес. Күшті, өзіне сенімді адам ғана өз қателіктерін мойындай алады, яғни олар үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оны түзеуге дайын екенін көрсетеді.

Қателік жасағанда, оны алдымен өзіңізге мойындаңыз, уақыт өте келе басқаларға қателіктеріңізді мойындау сізге оңайырақ болады.

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМ

Өзіне сенімсіз адамдар жалпы ешкімге ұнамайды: олар не қалайтынын білмейді, қате таңдау жасаудан қорқады, өз қалаулары туралы ашық айтуға құлықсыз. Мұндай сенімсіздікті емдеудің қарапайым жолы – адамның өзін-өзі жақсы көруі.

Өзіңізді қабылдаудың және сүюдің көптеген жолдары бар, олардың ең қызықтысы – би. Көпшілік ортада адам билеуге ұялады, өзін еркін сезіне алмайды. Ал қолынан келмесе де билеу, адамның ашылуына көмектеседі. Комплекстерін жойып, өзін қабылдауды үйретеді. Кеңсеге немесе үйге жақын студия табыңыз, өзіңізді әртүрлі бағыттарда сынап көріңіз, сонда сіз денеңізге сергектік және жанарыңызға от беретін жаңа хоббиге қаншалықты тез ғашық болатыныңызды байқамай қаласыз. 

ЖАЛҒЫЗ ҚАЛУДАН ЖАЛЫҚПАУ

Егер сіз жалғыз қалуға қызығушылық танытпасаңыз, онда басқалар да сізбен бірге жүруге қалай қызықсын?

Күнделікті тұрмысқа батып кетсеңіз де, өзіңізбен өзіңіз жүріп серуендеп келуге уақыт табыңыз. Мұндай қадам сізге қайтадан толыққанды адам сияқты сезінуге көмектеседі. Күш жинап, өмірге құлшыныспен кірісесіз. 

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ

Қызығушылығы әйелдер өмірге ғашық болып, одан ләззат алатындай әсер қалдырады. Және бұл барлық адамдарды, соның ішінде ерлерді тартады. Шынайы қызығушылық, жаңа білімге және жаңа тәжірибеге деген құштарлық. Өйткені, бұл сіздің сұрақ қоюдан, талқылаудан, әңгімелесуден, жаңа пікірлер айтудан қорықпайтыныңызды көрсетеді. Өмірге деген мұндай көзқарас кез келген уақытта жастық пен жан сергектігін сақтауға көмектеседі.

А. Оралқызы