2013 жылға арналған жігіттердің жоспары

2013 жылға арналған жігіттердің жоспары

Келер жылға қыздардың қойған жоспарларымен таныс болдық. Жігіттер ше? Олардың бір жылдық мақсаттары қандай екен?

36% - Жаңа көлік

Жігіттер мен көліктер бір-бірі үшін жаралғандай. Әр жігіттің өзінің армандайтын көлігі бар, және олар жаңа жылда соған қол жеткізуді мақсат қылады екен. Ең болмаса бір классқа жоғары, жаңарақ көлік алу - жоспарларының бірінші және басты бөлігі.

13% - Жаңа жұмыс

Жақсы қызметте отырып, әжептеуір табысы бар жігіттер де жаңа жұмыс орнына көшіп, жоғары мансап иегері болғысы келеді. Ол үшін маманданған салаңыз бойынша білімді арттырып, жұмыста өзіңізді белсенді көрсетіңіз.

18% - Жаңа махаббат

Дәл солай! Жаңа! Сонда олар ескісін жақтырмағаны ма? Жауап бергендердің көбісі бойдақ жігіттер болды деп үміттенейік...

33% - Жоспарым жоқ, жүре-бара шеше жатармыз...

Нағыз жігіттерге тән жауап! Олар қыздарға қарағанда керемет жоспар құрмайды, өмір ағынымен жүргенді қалайды. Немесе айтқылары келмей ме?

Жігіттер, келген жылға жоспарларыңыз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: Thinkstock

С. А