Өзіңізді музыка арқылы жақсырақ сезінудің 5 әдісі

Өзіңізді музыка арқылы жақсырақ сезінудің 5 әдісі
Фото: Juja Han, Unsplash.com

Музыка денені тітіркендіре алады, сізді күлдіреді немесе жылатады. Ал кей әндер өткенді немесе біз үшін маңызды адамды еске түсіреді. Ендеше, музыка арқылы тыныштануға, босаңсуға және көңіл көтеруге көмектесетін 5 әдісті ұсынамыз.

Музыка тыңдау арқылы көңіл күйіңізді көтеріңіз

Музыка көңіл күйге жауап беретін дофамин гормонының өңделуіне ықпал етеді. Зерттеушілердің мұндай нәтижесі Nature Neuroscience журналына жарияланды. Бірақ ол үшін тыңдайтын муызка сізге шынымен де қатты ұнауы тиіс.

«Естеліктер тізімін» жасаңыз

Ностальгия бізді жымитып, жайлы сезім сыйлай алады. Позитивті эмоциялар сыйлайтын және өткенге батуға көмектесетін «естеліктер тізімін» жасаңыз. Ол жаққа анаңызбен бірге тыңдаған, мектепте жиі тыңдаған және басқа да жағымды сәттерді еске түсіретін әндерді қосыңыз. Өзіңізге кейде қуанышты естеліктерге енуге мүмкіндік берсеңіз, жаңа нәрсе жасауға күш пен энергия келеді.

Музыка арқылы жұмыс істеуге шабыт алыңыз

Ойға ешқандай идея келмейтін, қандай да бір идеяны іске асыруға батылдық немесе күш жетпейтін кездер барлық адамның басынан өтеді. Бұл жағдайды жеңуге музыка көмектесе алады.

Егер жұмыс істеп отырып, фондық музыка пайдаланбайтын болсаңыз, байқап көріңіз. Ол сөзі жоқ әуендер немесе сүйікті әншіңіздің өлеңдері болуы мүмкін. Бастысы, музыканың дауысы қатты болмауы керек.

Қуатты музыка қосу арқылы иммунды жүйені жақсартыңыз

2011 жылы АҚШ-тағы Огайо зерттеушілер университетінің ғалымдары муызканың біздің иммунды жүйеге жағымды әсері жайлы зерттеудің нәтижесін жариялады. Олардың айтуынша, қуатты музыка тыныс алу мен тамыр соғуының ырғағын және қысымды қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ ол дофамин өңделуін ынталандырады. Бұлардың бәрі иммунды жүйеге жағымды әсер етеді. Ол жақсы жұмыс жасаған сайын біз сирек ауырамыз.

Әртүрлі ырғақтағы музыка қосу арқылы уақыт қабылдауыңызды өзгертіңіз

Кейде жұма ұзаққа созылып жатқандай көрінеді, ал еңбектік демалысыңыз тез өтіп кетеді. Уақытты қабылдауды өзгерту үшін кей жағдайда музыканы пайдалануға болады. Көпшілік мейрамханада баяу, жанға жағымды ән қосылып тұратынын байқадыңыз ба? Музыкалық шығармалар туғызатын жағымды атмосфера бізді санасыз түрде сол ғимаратта ұзағырақ болуға мәжбүрлейді. Ал жаттығу залдарында қарқынды музыка қосулы тұрады. Сол кезде сіз жалығып үлгермейсіз, жаттығу тез өтіп кеткендей сезіледі. Осы әдісті күнделікті өмірде қолдана аласыз. Мысалы, кезекте тұрғанда сергек музыка тыңдаңыз. Ал уақыттың «бәсеңдегенін» қаласаңыз, баяу ән қосып қойыңыз.

А. Жапатова