Жаппай сатылым кезінде ақша үнемдеуге көмектесетін 7 ереже

Жаппай сатылым кезінде ақша үнемдеуге көмектесетін 7 ереже

Жаппай сатылым маусымымен бірге орынсыз сауда жасау, қажетсіз затқа ақша шашу да басталады. Кейін өкінбеу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз:

Қанша ақша жұмсауға дайын екеніңізді шешіңіз

Өзіңіз үшін қанша ақша жұмсауға дайын екеніңізді алдын-ала анықтап алыңыз. Мұндай шектеумен сіз өзіңіздің қаржыңызды сақтауға мүмкіндік аласыз. Дүкенге баратын болсаңыз, әмияныңызға қолма-қол ақша алыңыз. Осылайша сіз оның азайып отқанын сезінесіз. 

Сізге шынымен қажет нәрселердің тізімін жасаңыз 

Ол "Жаппай сатылым бөліміне" аяқ баспас бұрын құрастырылуы керек. Гардеробыңызға қараңыз – өзіңізді жақсы сезіну үшін сізге не жетіспейді? Ыңғайлы қырлы шалбар, жұмсақ және жеңіл жемпір, ашық көк көйлек, қою көк джинс шалбары? Сіздің қолыңыздағы мұқият жазылған сатып алу тізімі назарыңыз шынымен қажет нәрсеге аударылады. 

Дәл сатып алар алдын өзіңізге қою керек сұрақ

Жаңасын сатып алмас бұрын, өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: бұл маған шынымен сәйкес келе ме, әлде мен оны Инстаграм лентасынан отыз рет көріп, қызыққаннан сатып алуға жүгірдім бе? 

Дүкендер бағасын салыстырыңыз

Көбінесе, сәнді брендтерге ұқсас заттардың бағасы сатып алушыға дейін талай өзгереді. 30% жеңілдікте тұрған аяқ киім ыңғайлы болып көрінсе де, оның басқа бөлшек саудагерлерде қанша тұратынын қарауға ерінбеңіз. Кім біледі, мүмкін оларда 50% -ға жеңілдік бар шығар? 

Барлығын өлшеп көріңіз!

Көбіне 50% жеңілдік белгісін көрген адам киімді алып, оны өлшеп көрместен кассаға барады. Киім өлшеу кабинкасында өткен бес минут банк картаңыздыға қомақты соманы үнемдейді. 

Кем дегенде жарты сағат ойлануға уақыт табыңыз 

Сатып алуға күмәндансаңыз, ойлануға уақыт алудың еш айыбы жоқ: көшенің арғы бетіндегі кафеде шай ішіңіз, сүйіктіңізге қоңырау шалыңыз, алмақ болған затыңызға жаңа «байсалды» көзқараспен қарауға болатындай етіп, өзіңізді алаңдатыңыз. Сарапшылар кешкісін затты көріп кетіп, таңертең тыныққан мимен сатып алу туралы шешім қабылдауға кеңес береді. 

Өзіңізге «have to have» санатынан кем дегенде бір нәрсе алыңыз

Әрине, сатылымда күнделікті киетін негізгі функционалды заттарды сатып алу ақылды шешім. Бірақ HTH өзіңізді қуантуға себеп болады. Пайеткалы кардиган, жібектен тігілген нәзік көйлек, кристаллмен әрленген балетки... мұның бәрі эмоциялар, алдағы олар уақытта күш-қуат береді. Сондықтан мұндай энергия көзіне ақша жұмсауға болады.

А. Оралқызы